Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.
Сәби дүниеге келген отбасында немесе үлкен әулетте үлкен ата-әжелер болса, есімді солар таңдайды. Үлкеннің айтқанына қарсы келмейтін жастар қаласа да, қаламаса да келісіп жататын кездер аз емес. Үлкендер жағы өздеріне таныс, мағынасы қанық аттарды таңдаса, жастар жағы заманауи есімдерді қоюға ұмтылады. Ескі немесе жаңа есімдер қойылса да оның мағынасына баса назар аудару керек. Өйткені адамды басқа адамдар есімі арқылы таниды, шақырады. Сол үшін адам өзінің есімінің ыңғайсыздығынан немесе құлаққа түрпідей тиюінен қысылмайтын болу керек.
Азан шақырып қойған ат — туылған кезде көпшіліктің назарына жеткізіліп қойылған алғашқы есім. «Азан шақырып қойған аты» деген тіркес адамның туылған кездегі есімі деген мағынада қолданылады. Азан шақырып ат қою Ислам дінінде бар дәстүрлердің бірі.
Адам баласының жаратылысына назар салсақ, ат қою алғашқы адам, Адам ата, жаратылған сәттен басталған. Оның жары, адамзаттың анасының есімі Хауа болған. Ал ол екеуінің Абыл мен Қабыл есімді ұлдары болған. Демек, адам пайда болғанда оның есімі де пайда болған.
Ұлболсын, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлту …
Бұл есімдер — көп қыз туып, шаңырақтың иесі болатын, әулеттің жалғаушысы болатын ұл баланы күтіп жүргенде туылған қызға қойылатын есімдер. Ырымдап қойылады.
Айтбай, Рамазан, Наурыз, Таңат …
Қазақ халқында адамның дүние есігін ашқан сәтіндегі уақытқа қарап та есім беру әдеті бар. Мысалы, таң атып жатқанда ұл бала туылса, есімін Таңат деп қойған; қасиетті Рамазан айында туылса, Рамазан деп қойған.
Бұрын Съезд болса, қазір Саммит …
Компартияның өткізген съездінің құрметіне перзентіне Съезд деп ат қойған ата-аналар қаншама еді. Қызыл партияның заманы өткеніне де жиырма жыл болды. Қазір халықаралық деңгейдегі жиындардың бірін «саммит» деп атайды. Енді Саммит деп тек халықаралық жиынды емес, қазақтың кейбір балаларын да атайтын боламыз. Ондай есімдер (Саммит, Саммитхан) саусақпен санарлық болса да бар. 2011 жылы Алматы мен Астанада өткен қысқы Азиаданың құрметіне қызының есімін Азиада деп атағандар да бар.
Габит Ашина деп кой ыныз. Тилек тунгышынызга уксатып Альмира деп кой ыныз. Нурия Айбек немесе Нурбек деп койыныз.Калима Падиша деп койыныз
Немере кызыма ерекше а кпрек моган керес кпрек
Саламатсыздар ма.Балага азан шакырып ат кою тек кыркынан шыкпай жасалу керек пе? алде шарт емес па?
Мен озимнин улыма пайгамбар аты койылганын калаймын койылган есимнин магынасы болса деймин кандай есим коюга болады
Таким образом, когда зубчатая муфта находится в собранном состоянии, втулки зафиксированы внутри обойм, они стянуты между собой болтами, а их зубья плотно пригнаны между собой. http://зубчатая-муфта.рф/