Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар.
Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып жатады. Құжаттық жағын әр түрлі шешеді.
Мәселен, барлығын заңды түрде құжаттарымен жасайды немесе құжат жүзінде өзінің туған ата-анасының атында қала береді де былайша басқа біреудің баласы болады.
Баланы туылған кезінде асырап алатындар өздері ат қояды. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар «Өзгеден емес, өзімізден шыққан перзентті асырайық» деген ниетпен туыстарынан асырап алуға тырысады. Бұндай жағдайларда баланың ата-анасымен мәмілеге келеді. Асырап алған ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарайды, балаға жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысып бағады. Өгзенің ішінен шыққан бала болса да, өз баласындай қарауды ойламаса, бала асырап алуды адамдар ермек көрмейді.
Бала асырап алудың екінші бір түрі — балалар үйіндегі баланы асырап алу. Ондай жерден шыққан балалардыасырап алушылар бала өскен соң оған «Сені асырап алдық» деп айтпай тәрбиелейді. Оның өзіндік сырлары бар: баланың шыққан тегі белгісіз болғандықтан асырап алушылар тіс жармайды немесе баланың туған анасы ішімдікке немесе нашақорлыққа әуестенсе, жезөкшелікке салынса, туған ата-анасы жайлы айтылмайды.
Балалары бола тұра басқа баланы асырап алған адамдар өз балалары мен асыранды баланы бөліп-жармау керек. Асыранды баланы кем көрмей, бөлмегені дұрыс. Балалардың араларында өзара бауырластық байланыстарын нығайтуларына назар аударғанды жөн.
Бала асырап алу туралы Ислам діні не дейді?
Ислам діні жетімдерге қамқор болуды, олардың ақысын жемеуді бұйырады. Ата-анасы тірі немесе белгілі болған баланы асырап алғанда оның ата-анасы туралы жасырмау керектігі айтылады. Бала әрқашан өзінің туған әке-шешесін білу қажет. Ислам дінінде әке-шешесі бар баланы асырап алып, өз атына тіркеуге болмайды. Бірақ, ата-ананың жылы алақанына, жәрдеміне мұқтаж жетім жандарға қарау, оларды асырап, тәлім-тәрбие беру, үлкен азамат ету, дінімізде өте үлкен сауап әрі адамдық борыш саналады.
Жетімдерді асырап алу сауабы мол іс болса да, арнайы шарттары бар: жетім балаларды асырап алғанда да тегін (фамилиясын) өз атыңызға ауыструға болмайды. Олармен (асырандылар) сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынас дін бауыр немесе дос сияқты болуы керек.
Ислам дініндегі бала асырап алу туралы толығырақ
Қыз бала асырап алгымыз келеди 87753933097
Саламатсыздар ма .Жасым 41 де.Нəресте ұл бала іздеймін.Құжаттарым дайын. Аяғы ауырлап немесе тағдыр талқысына тускен қыздар болса хабарласыңыздаршы.
Саламатсыздар ма. Нəресте ұл бала іздеймін.жасым 41 де.Құжаттарым дайын.Аяғы ауырлап қалған немесе тағдыр талкысына тускен кыздар хабарласыңыздаршы.Қалғанын телефон немесе ватцап аркылы сөйлесейік .Жауап кутемін 87714554286
сәлеметсіздерма менің аяғым ауыр 1 айдан асты көмек бергісі келетін жандар болса ватсапқа жазыңыздар 87081109787
Жанна маган хабарласынызшы отиниш!! 87474119886 Алтын
жасымыз 38-39да , бала асырап алғымыз келеді ,87074813753.
САЛЕМАТСЫЗДАРМА! МЕН ЖУКТИМИН УЗИ КЫЗ БАЛА ДЕП АЙТТЫ ОЗИМНИН УШ кызым БАР ТОРТИНШИ КЫЗГА ЖАГДАЙЫМ КЕЛМЕТ ЖАКСЫ ОТБАСЫ БОЛСА АСЫРАП АЛАТЫН БЕРЕМИН
КАНЩАМА ОТБАСЫ БАЛАГА ЗАРУ ЖАНДАР БАР ХАБАР КУТЕМ БАЛАНЫН ДЕНИ САП-САУ ОКТЯБЬРДЫН ОРТАСЫНА БОСАНАМ 87058411304 тек шык ниетти АТЫРАУ КАЛАСЫ
Гулдана хабарласынызшы маган 87078110886