Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар.
Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып жатады. Құжаттық жағын әр түрлі шешеді.
Мәселен, барлығын заңды түрде құжаттарымен жасайды немесе құжат жүзінде өзінің туған ата-анасының атында қала береді де былайша басқа біреудің баласы болады.
Баланы туылған кезінде асырап алатындар өздері ат қояды. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар «Өзгеден емес, өзімізден шыққан перзентті асырайық» деген ниетпен туыстарынан асырап алуға тырысады. Бұндай жағдайларда баланың ата-анасымен мәмілеге келеді. Асырап алған ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарайды, балаға жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысып бағады. Өгзенің ішінен шыққан бала болса да, өз баласындай қарауды ойламаса, бала асырап алуды адамдар ермек көрмейді.
Бала асырап алудың екінші бір түрі — балалар үйіндегі баланы асырап алу. Ондай жерден шыққан балалардыасырап алушылар бала өскен соң оған «Сені асырап алдық» деп айтпай тәрбиелейді. Оның өзіндік сырлары бар: баланың шыққан тегі белгісіз болғандықтан асырап алушылар тіс жармайды немесе баланың туған анасы ішімдікке немесе нашақорлыққа әуестенсе, жезөкшелікке салынса, туған ата-анасы жайлы айтылмайды.
Балалары бола тұра басқа баланы асырап алған адамдар өз балалары мен асыранды баланы бөліп-жармау керек. Асыранды баланы кем көрмей, бөлмегені дұрыс. Балалардың араларында өзара бауырластық байланыстарын нығайтуларына назар аударғанды жөн.
Бала асырап алу туралы Ислам діні не дейді?
Ислам діні жетімдерге қамқор болуды, олардың ақысын жемеуді бұйырады. Ата-анасы тірі немесе белгілі болған баланы асырап алғанда оның ата-анасы туралы жасырмау керектігі айтылады. Бала әрқашан өзінің туған әке-шешесін білу қажет. Ислам дінінде әке-шешесі бар баланы асырап алып, өз атына тіркеуге болмайды. Бірақ, ата-ананың жылы алақанына, жәрдеміне мұқтаж жетім жандарға қарау, оларды асырап, тәлім-тәрбие беру, үлкен азамат ету, дінімізде өте үлкен сауап әрі адамдық борыш саналады.
Жетімдерді асырап алу сауабы мол іс болса да, арнайы шарттары бар: жетім балаларды асырап алғанда да тегін (фамилиясын) өз атыңызға ауыструға болмайды. Олармен (асырандылар) сіздердің араларыңыздағы қарым-қатынас дін бауыр немесе дос сияқты болуы керек.
Ислам дініндегі бала асырап алу туралы толығырақ
Салеметсиздер ме. Бала асырап алсам деймин. Енди сол баланын кужатын бирден оз атына туырлауга болады ма. Кандай кужаттар керек канша айга созылады.Осы айдын сонында босанады. Жолдары бар ма билетиндер комек берсе. 8771 365 04 00
Молдыр тел номер хабарласыныз:87785920168
бала асырап алгым келеды. ер бала болса кай кала болса да мейлы. 87785920168
Бала асырап алгым келеди отиниш хб 87009531990
Салеметсиздерма кыз келинщектер осы айда босанатын асырауга беретин болсаныздар отиниш хб биз бала асырап алгымыз келед отиниш 87009531990 званданыздар кутем
Салеметсиздерме! Мен ул бала асырап алсам димын.жасым 29да. 3Кызым бар кудай берген. 3кызымнан сон маткамды алып тастады. Енди улды болсам димын. Кызар хабарласындаршы .