Гемоглобиннің қалыпты мөлшері

Балалардағы анемия (қаназдық)

«Анемия» сөзі қазақша «қаназдық» дегенді білдіреді, яғни анемиямен ауыратын адамның қаны аз деген сөз. Кейде қаны толық жеткілікті бола тұра, гемоглобині және қан құрамындағы эритроциттердің (қанның қызыл түйіршіктері) аз болуы да қаназдықтың пайда болуына әсер етеді. Қаны аз адамдар шаршағыш болып, әлсіреп, басы айнала беретін болады. Тіпті кей жағдайда, қанның құрамында темір тапшылығы баланың психикалық ауытқуларына…

Read More

Бедеуліктің себебін қалай анықтайды?

Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды. Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі. Еркекке қажетті тексерулер: 1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);

Read More

Балаларда жиі кездесетін ангина

Ангина (асқынған тонзиллит) — балалар үшін өте қауіпті инфекциялық ауру, таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуынан болатын ауру. Көп жағдайда күз бен қыс мезгілдерінде балаларда аденовирустардың салдарынан пайда болып, жаурап қалғанда күшіне енетін ауру. Сонымен қатар, бала организміне қасында жүрген адамдардан да жұғуы мүмкін. Ангина ауруының белгілері. Жалпы ангинамен ауыра бастағанда бала әлсіреп, басы ауырады,

Read More

Балаңыз ерке болса не істеу керек?

Көз алдыңызға мынандай жағдайды елестетіп көріңізші: сіз жұмысқа асығыс жиналып жатырсыз, ал сіздің сүйікті балаңыз себепсізден-себепсіз еркелеп, жылап, есерлене мінез көрсете бастайды. Сіз не істеріңізді білмей, дал боласыз. Немесе бала тамақ ішуден бас тартады, айқайлайды, қасықты лақтырады, тыныштандырамын деп жасаған әрекетіңізден ешқандай нәтиже шықпайды. Кейде бала ұйықтамаймын деп те қиғылық салады. Тіпті түннің ортасында айқайлап…

Read More

Гиперактивті балалар туралы

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады. Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес.

Read More

Тұйық мінезді балаларға арналған жаттығулар

Жалғасы. Басы: Балаңыздың мінезі тұйық болса Баланының мінезі қалай тұйық болады? Баланың психологиялық және эмоциялық күйін Роршах (швейцарлық ғалым) тесті арқылы анықтауға болады. 5-6 жастағы балаларға жүргізуге ұсынылған. Шарты мынандай: бала қағазға орналасқан он симметриялы суреттен (дақ түрінде) кез келген фигураны байқап қалуы тиіс. Тесттің шешімі күрделі, оны маманмен жүргізген дұрыс. Бірақ ата-аналардың да жүргізуіне…

Read More

Баланың мінезі қалай тұйық болады?

Сонымен, отбасында өзін жалғыз сезінгендіктен балаңыздың мінезі тұйық болады. Ата-анасының өзімен әңгімелесуден қашатынына, бірдеңені сылтауратып кетіп қалатынына, әңгімесінің қызықсыз екенін ашық айтқанына әдеттенген соң, бала өзінің көңіл күйін, қайғысын білдірмеуге, ішінде сақтап қалуға үйрене бастайды. Ол ата-анасымен сөйлесуге тырыспайды, ал егер одан бірдеңе сұрай қалсаң, қысқа ғана жауап береді.

Read More

Қынап туралы не білеміз?

Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық пердеден жатыр мойнына дейінгі аралықты алып жатыр.  Жатырдың қалыпты жағдайдағы ұзынды 7-12 см құрайды.

Read More

Әйелдің репродуктивті жүйесі

Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы. Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

Read More
Жатыр миомасының түрлері

Жатыр миомасы

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. Бұл құбылыстың себептері әлі толық…

Read More

Балаңыздың мінезі тұйық болса не істеуге болады?

Бала мінезінің тұйық болуының себептері өте көп. Біріншіден, баланың психологиялық ерекшелігіне, жан дүниесінің нәзіктігіне, ішкі әлемінің тереңдігіне, физикалық кемістігіне байланысты болуы мүмкін. Мұндай бала жалғыздықты қалайды, ол жалғыз өзі ғана істейтін жұмыстарды орындайды. Мұндай жағдайда ата-аналары баласына аса сақ және сергек болуы керек. Сондықтан «оған бірдеңе болды, бір жері ауырып жүр» деп

Read More

Баланы емшектен шығару үшін не істеу керек?

Ананың сүтінің бала үшін ең маңызды және ең пайдалы екенін әр ана жақсы біледі. Бірақ ана қаншама қаласа да, емшектен шығару кезі келеді. Ол ананың денсаулығына байланысты болуы мүмкін, немесе жұмысқа шығу кезіне байланасты болуы мүмкін, не болса да, ол — психология және физиология жағынан өте қиын қадам.

Read More