Салат құрамы:
Балық — 75гр
Картоп — 40гр
Қияр — 30гр
Қызанақ — 40гр
Сәбіз — 30гр
Орамжапырақ — 20гр
Ас бұршақ — 15гр
Уылдырық — 20гр
Майонез — 50гр
Салаттың дайындалуы:
Балықты қайнатып аламыз да майдалап тураймыз. Сәбіз, картопты қайнатып төртбұрыштап тураймыз. Тарелканы алып, барлығын турап саламыз да майонез құйып бетіне уылдырықты сеуіп, қиярмен сәндеп қоямыз. Ас дәмді болсын!