Құрамы:
Селедка – 300гр
Картоп – 300гр
Қызылша – 300гр
Сәбіз – 150гр
Майонез – 200гр
Тұз дәміне қарай
Салат дайындалуы суретімен:
Қызылша, картоп, сәбіз барлығын қайнатып аламыз. Піскен соң сыртын тазалап суытамыз. Пиязды тазалаймыз да майдалап тураймыз. Селедканы тазалап, майдалап тураймыз. Картоп, сәбіз, қызылшаны үкіштен өткіземіз. Тарелкамызды алып, үкіштен өткізілген картобымызды дөңгелектеп формасын келтіріп салып бетіне майонез құямыз. Картоп үстінен селедканы саламыз, пияз бен сәбізді салып бетіне майонез жағып, оның үстінен қызылшаны саламыз. Дайын салатымызды аскөкпен және де өз қалауыңызша сәндеуіңізге болады.