Лимондарды еттартқыштан өткізу керек. Мен майдалап турай салдым. Жарты лимонның қабығын аршып турадым, жартысын аршымай. Аршығаны ұнады. Енді қалауыңызша қант немесе бал қосып араластырыңыз. Қант толық ерігенге дейін. Мен бал қостым, вареньенің дәміне қарай балдан қосып тұрдым. Сосын аздап корица қосып араластырдым. Осымен варенье дайын болып саналады. Қайнатпай жасау керек. Менің ойымша қайнатылған лимонның жәмі кетеді.