Қажетті заттар:
Қамырына:
-4д жұмыртқа
-700 гр қант
-3 а.к сары май
-3 а.к бал
-3 а.к разрыхлитель
-500 гр ұн
Креміне:
-500 гр сары май
-800 гр сгущенное молоко
Жасалуы:
Қамырының дайындалуы:
— алдымен қамырға қажетті заттардың барын қосып (ұннан бөлек) араластырыңыз
-газда су қайнап тұрған ыдыстың үстіне яғни буға дайындап жатқан қамырды 40-45 минутқа қойыңыз, мұқият араластырып тұрыңыз
-газдан алған соң ұнды қосып араластырыңыз
-қамырды тең 8 бөлікке бөліп, пергамент қағазы үстіне шар тәрізді форманы қойып (форманың астын қоймаңыз, пергамент қағазының үстіне қамырды құйыңыз), сол форманың ішіне қамырды құйып, жұқа етіп жайыңыз, форманы алып тастаңыз (форма тек шар тәрізді пішін беру үшін керек)
-200 градуста, алдын ала ысытылған духовкада, 5-7 минут пісіріңіз
-піскен соң суытып қойыңыз
Крем:
-сары майды миксермен жақсылап араластырыңыз
-сгущенное молоконы бірнеше бөлікке бөліп сары майға құйып миксермен араластырыңыз.
Торт:
-әрбір бисквитке жеке-жеке крем жағып, бір-бірінің үстінен қойыңыз
-тортты 1 күнге қойып қойыңыз
-өз қалауыңызбен әсемдеңіз. Торт дайын! Ас болсын!