naz.bimakhanova

Манту реакциясы

Манту реакциясы — ешқандай екпе емес. Бұл — туберкулезге қарсы иммунитетті тексеруге, балада туберкулез бар ма жоқ па анықтауға арналған тест. Көбіне, ата-аналарға бұл біздің өтетін флюрографиямыз сияқты деп түсіндірем. Манту реакциясы кезінде, бала білегіне тері астына, туберкулин(туберкулез микобактериясының сыртқы қабын) енгізеді. Яғни, бактерияның өзін емес, өнімін. Яғни (бітпей кетті ғой), Манту реакциясы туберкулез шақыруы…

Read More

Кесарь тілігі

Кесарь тілігі — əйел адам өздігінен баланы дүниеге əкеле алмаса, не табиғи жолмен босану ана мен бала өміріне қауіп туғызса жасалынатын операция. Барлық басқа операциялар сиақты, кесарь тілігі де тек көрсеткіштер бойынша жасалады, олар: нəрестенің көлденең орналасуы, нəресте басы өлшемдері жамбас өлшемдерінен үлкен болуы, балажолдастың жатыр мойын кіреберісін толықтай жауып тұруы. Ал баланың жамбаспен келуі…

Read More

Көз айналасының қарайып не көгеруінің себептері

Көз айналасындағы тері өте жұқа, тамырлар беткей орналасқаннан осылай болады. Көбіне сары, əппақ ботақандарда болады солай) Апасының Мединасындай. Егер бала белсенді, тəбеті жақсы, асыр-салып ойнап жүрсе, аллергиясы жоқ болса, таза ауада күнделікті серуендеп, уақыттылы ұйықтап жүрсе, басқада шағымдары жоқ болса уайымдайтын дəнеңе жоқ) Көз айналасының қарайып не көгеруінің себептері: ✓анатомиялық ерекшелігі ✓ұйқы жеткіліксіздігі, шаршағыштық(əсіресе мектеп…

Read More

Ауыздан жағымсыз иіс шықса..

Ауыздан жағымсыз иіс шығуын, ғылыми тілде — галитоз деп атайды. Негізгі себептері ауыз қуысы аурулары. Стоматит, гингивит, тілді дұрыс тазаламау. Ауыз қуысы гигиенасын сақтамау. ауыз қуысындағы анаэробты бактериялар. Тіс арасы, тілдегі жабындыда, тамақ қалдықтарыда өмір сүріп, көбейеді. мұрын мен жұтқыншақ аурулары. Гайморит, созылмалы тонзиллит, аденоиды. асқазан-ішек жолдары аурулары. Емдеу жолдары бірінш кезекте себебін анықтау, себебіне…

Read More

Ішек инфекциясы кезде не істеу керек?

Құсып, іші бірнеше мəрте өтіп жатқан бала, көп мөлшерде сұйықтық жоғалтып жатқаны хақ. Баланың тамаққа мүлдем тəбеті де жоқ. Сіздің, ана ретіндегі басы мақсатыңыз балаға көбірек су, сұйықтық беру. Суды бірден көп мөлшерде берсеңіз, асқазан тітіркеніп, құсып тастайды. Сол себепті, аз-аздан, жиі жиі су беріңіз. (Əр 5-10 минут сайын 2-5 мл). Тек осылай, балаңыздың жағдайы…

Read More

Құрғақ жөтелді қалай жеңілдетуге болады?

Тұмау мен ЖРВИ сезоны бітер емес. Соңғы кезде, тыныс жолдары инфекциясы, қатты жабысқақ, ауыз жаппайтындай құрғақ жөтелмен өтуде. Ендеше, құрғақ жөтелді жақсарту, жеңілдету жолдарын қарсы алыңыздар. Лүпілдетіп, пікірге өз тəсіліңізбен бөлісе отырыңыздар: 1. Ауа ылғалды болуы керек. Құрғақ жөтел тыныс жолында құрғақ шырыш бар деген сөз, ол тыныс жолдарын тітіркендіріп, жыбырлатып, жабысқақ болғасын сыртқа шыға…

Read More

Күнделікті төсеніштер зиян ба?

Күнделікті төсеніштер, қəзір ересек əйелдерден бөлек, жасөспірім қыздардың күнделікті құралына айналып үлгерді. Шынымен, күнделікті қолдануға зиянсыз ба? Қарастырайық: Жарнамаға сенсек, олар ауаны жақсы өткізеді. Солар, əлде бізді ақымақ санай ма? Жабыстыратын ең соңғы қабаты ауа өткізбегенінен бұрын, шат аймағында ылғалдылықты арттырып, температураны арттырады. Бұл қынап ішінде бактериялардың артуына, қынап микрофлорасының бұзылуына алып келеді. Микрофлорасы бұзылған…

Read More

Жедел трахеиттің белгілері мен емі

Ауа райына байланысты вирустар күшейіп кеткен, фарингит емес бірден трахеит шақырады. Ендеше,осы тақырыпқа тоқталайық. Жедел трахеит дегеніміз- жиі вирустармен шақырылатын трахеяның қабынуы. Трахея көмекей мен бронхтардың ортасында орналасқан тыныс алу мүшесі. Жиі ларинготрахеит не трахеобронхит түрінде басқа мүшелермен қатар қабынады. Белгілері: *құрғақ, қақырық шықпайтын жөтел. Жөтел әдетте тереңнен, кеуде тұсынан гүрсілдеп естіледі. *Егер көмекей қоса…

Read More

Менингит қайдан пайда болады

Қызылша мен менингит бәсеңдер емес. Балаларда менингиттің қәзір жиі кездесу иммунитеттері әлсіздігінен деп ойлаймын. Қарапайым ОРВИ дің өзі менингитке асқынып кетуі мүмкін. Бұлда антибиотикті оңды-солды пайдалануының кесірі ма дерсің. Ендеше, көбірек ана көруі үшін лайк аямаймыз. Менингит — əртүрлі қоздырғыштар(вирус, менингококк не басқа бактериялар) салдарынан, ми мен жұлын қабығының қабынуы. Иммунитеті əлсіз болғандықтан балаларда жиі…

Read More

Баланың ұл немесе қыз болуы кімге байланысты?

Баланың ұл немесе қыз болуы тек қана Алла Тағаланың қолында! Қалған календарь, қан тобы т.б. əдістер тек көмекші құралдар, олар ешқашан 100% нəтиже бермейді. Алайда, медицинада американдық профессор Лэндрама Б.Шетллздің дəлендеген ғылыми теориясына сүйенер болсақ, баланың ұл немесе қыз болуы ерлердің сперматозоидына байланысты. Сперматозоидтардың 2 түрі болады , яғни: 1. Х-хромосомалы сперматозоид 2. У-хромосомалы сперматозоид…

Read More

Интимді гигиена тазалығы

Дұрыс гигиена — ол тек сыртқы жыныс ағзаларын ғана жуу. Ішкі жағын жуамын деп өздігінен спринцевание жасауға болмайды. Жыныс ағзаларындағы дискомфорт, тітіркену, жағымсыз əсерлер агрессивті жəне дұрыс емес гигиенаға байланысты. ✔ Күніне кем дегенде 2 рет жуыну керек ✔ Жуынуға тек қана рН нейтралды құралдарды қолдану керек ✔ Спринцеванияны тек дəрігердің кеңесімен ғана жасау керек…

Read More

Жатыр ішілік спиральдың артықшылықтары мен кемшіліктері

Жүктіліктен қорғануды бір түрі — Жатыр ішілік спираль. Бірнеше түрлері бар (құрамында металы бар жəне гормоны бар спиральдар) Құрамында мыс бар спиральдар. Стрежнында мыстан жасалған сым оралған. Мыстың əсері жатыр ішінде қышылқылды орта жасап сперматазоидтардың қимылын төмендетеді, жатырға эмбрионның орналасуына жол бермейді. Келесі түрі құрамында күміс жəне алтыны бар спиральдар. Олардың арықшылығы жүктіліктен қорғаумен қатар…

Read More

Босанудың белгілері қандай?

Əр бір жүкті əйел жүктілігінің соңғы айларында бөпесін құшақтап иіскеуге асығатыны белгілі. Бір жағынан қуаныш сезімі, бір жағынан қорқыныш сезімі туындап, қашан толғағым келеді деп күтеді. Жүктіліктің аяқталып жатқанының көптеген түрлері бар, солардың маңыздыларына тоқталсақ: ✓Іштің төмен түсуі (баланың босану жолдарына қарай жылжуы) ✓ Тыныс алу жеңілдеуі (іш төмен түскен соң өкпе қысылмай оңай тыныс…

Read More