Баланың ұл немесе қыз болуы кімге байланысты?

Баланың ұл немесе қыз болуы тек қана Алла Тағаланың қолында! Қалған календарь, қан тобы т.б. əдістер тек көмекші құралдар, олар ешқашан 100% нəтиже бермейді.
Алайда, медицинада американдық профессор Лэндрама Б.Шетллздің дəлендеген ғылыми теориясына сүйенер болсақ, баланың ұл немесе қыз болуы ерлердің сперматозоидына байланысты.
Сперматозоидтардың 2 түрі болады , яғни:
1. Х-хромосомалы сперматозоид
2. У-хромосомалы сперматозоид Жұмыртқа жасушасын Ү-сперматозоид(ХҮ) ұрықтандырса ұл бала, Х-сперматозид(ХХ) ұрықтандырса қыз бала  пайда болады.
Зерттеуге қарасақ баланың жынысын қай кезде ұрықтанғанына қарай анықтау мүмкін. Ү-сперматозоид өте жылдам болады, бірақ өмір сүру уақыты аз болады. Сондықтан, егер овуляция кезінде қатынас болатын болса, онда жұмыртқа жасушасына У-сперматозоид Х-қа қарағанда жылдам жетіп оны ұрықтандырады. Сол кезде ұл жынысты ұрықтандырады.
Ал керісінше егер жыныстық қатынас овуляцияға дейін болса, онда қыз бала ұрықтануына мүмкіндік көп. Өйткені Х-сперматозидтар жəй қимылдайды жəне өмір сүру мерзімі ұзақ келеді. Олар жойылып кетпей овуляция болуын күтіп отырады))))
Дегенменде оны біз шешпейміз, барлығы бір Алланың қолында!

Дереккөз

 

Яндекс.Метрика