Жатыр ішілік спиральдың артықшылықтары мен кемшіліктері

Жүктіліктен қорғануды бір түрі – Жатыр ішілік спираль.
Бірнеше түрлері бар (құрамында металы бар жəне гормоны бар спиральдар)
Құрамында мыс бар спиральдар. Стрежнында мыстан жасалған сым оралған. Мыстың əсері жатыр ішінде қышылқылды орта жасап сперматазоидтардың қимылын төмендетеді, жатырға эмбрионның орналасуына жол бермейді.
Келесі түрі құрамында күміс жəне алтыны бар спиральдар. Олардың арықшылығы жүктіліктен қорғаумен қатар қабынуға қарсы əсер етеді. Келесі түрі құрамында гормоны бар спиральдар. Бұндай спиральдың аяқ жағында левоноргестрел деген гормоны бар капсуласы болады. Бұлардың артықшылықтар жүктілікті болдырмаумен қатар емдік əсері қоса жүреді Көлемі кіші миомаларда , эндометрий гиперплазиясында т.б. ауруларда қолдануға болады.

Спираль салуға оптималды уақыт етеккірдің 4-7 күндері. Спираль салмас бұрын гинекологка қаралып тексеріліп өзіңізге келетін спираль таңдау керек.

–  Спираль салмас бұрын 2 күн жыныстық қатынасқа түспеген жөн.
– 2 күн бұрын ешқандай свечи,таблетка,кремдер қолданбаған дұрыс. Спираль салғаннан кейін
– 12-14 күн ауыр көтермеу, жыныстық қатынасқа түспеу,ыстық ванна қабылдамау керек.
– 7-10 күн тампон қолданбау керек

Жатыр ішілік спиральдың артықшылықтары мен кемшіліктері ~ Артықшылықтары:
✔ Сенімді қорануларлың бірі болып табылады (99,4%)
✔Емізетін аналарға қолдануға болады
✔Ұзақ уақыт қолдануға жарайды (5 -10 жылға дейін)
✔ Спираль салғаннан кейін əсірі бірден басталады
✔ Басқа дəрі-дəрмектермен əсерге түспейді
✔ Бағасы қол жетімді
✔ Бір салғаннан кейін ұзақ уақыт жүкті болып қаламын деп қорықпай жүре аласыз
✔ Салынуы оңай
~ Кемшіліктері:
✓ Спираль барлық əйелдерге қолдануға арналмаған, қарсы көрсетілімдері бар
✓ Түсіп қалуы мүмкін
✓Алғашқы айларда етеккір ауырсынумен жəне көп мөлшерде жүреді
✓ Спираль ұрықтануды болдырмайды емес, ұрықтанған жұмыртқа жасушасын жатырға орнықтырмайды
✓ Қабыну болуы мүмкін (Жатыр мойнында қалған жіптің арқасында жатырға қарай инфекция өтуі мүмкін)
✓ Кейде жатырлық жүктілік немесе жатырдан тыс жүктілік пайда болуы мүмкін(аз кездеседі)
✓ Слған кезде жатырды тесіп кетуі мүмкін (ол өөөте аз кездеседі )

Спираль салғаннан кейін көбінесе жыныс жолдарынан бөлінділер бөлінеді. Алғаш спираль салған жандар қорқып уайымдауы мүмкін. Мамандар бұндай симптомның пайда болуы жатырға бөтен нəрсе енгеніне организмнің қалыпты реакциясы деп айтады.

Қалыптыда аз мөлшердегі қоңыр түсті бөлінділер болады. Спираль орнатқаннан кейін  бірнеше күннен айға дейін созылуы мүмкін.

Патологиялық бөлінділер:
– Дискомфортты қанды бөлінділер
– Жағымсыз иісті сары немесе жасыл түсті бөлінділер.

–  Көп мөлшердегі ауру сезімімен жүретін қанды бөлінділер
Патологиялық бөлінділер инфекцияның белгісі болуы мүмкін немесе организм ұзақ уақытқа дейін қабылдамауынан болуы мүмкін. Патолониялық бөлінділер пайда болған жағдайда өз гинекологыңызға  қаралу қажет.

Яндекс.Метрика