Манту реакциясы – ешқандай екпе емес. Бұл – туберкулезге қарсы иммунитетті тексеруге, балада туберкулез бар ма жоқ па анықтауға арналған тест. Көбіне, ата-аналарға бұл біздің өтетін флюрографиямыз сияқты деп түсіндірем.
Манту реакциясы кезінде, бала білегіне тері астына, туберкулин(туберкулез микобактериясының сыртқы қабын) енгізеді. Яғни, бактерияның өзін емес, өнімін. Яғни (бітпей кетті ғой), Манту реакциясы туберкулез шақыруы мүмкін емес. Иммунитетке де еш əсер ете алмайды. Тек, тексереді.
Манту реакциясынан кейн 3 күннен кейн келесі белгілер бойынша тексереміз:
* қалыпты жағдайда 5мм деі ісіну болады. Бұл, реакция бар. Яғни, балада туберкулезге қарсы иммунитет бар. Бəрі жақсы деген сөз.
*ешқандай реакция болмауы. Бұл бцж салынбаған, не дұрыс салынбаған балаларда болады. Яғни, балада туберкулезге қарсы иммунитет жоқ деген сөз. Қайта бцж жасау туралы шешімді ата-ана, педиатр, фтизиатр болып бірлесіп шеше алады.
*17 мм.ден үлкен ісіну болуы. Не, алдыңғы жылғы өлшемнен 6ммге артық існу болуы. Яғни, «туберкулинді проба виражы». Бұл, бала туберкулез микобактериясымен инфицирленген не қатынаста болғанының белгісі. Фтизиатр кеңесі мен, толық тексерісті талап етеді.
Фтизиатр не істейді?
Толық тексеріп, манту реакциясының шынайылығына көз жеткізеді. Кейде, бəрі дұрыс болсада «профилактикалық» мақсатта арнайы дозасы аз ем тағайындайды. Себебі, алғашқы айларда сырқат астыртын өтуі мүмкін.
БЦЖ алмаған балалар, жиі ауыратын балалар, созылмалы аурулары бар балаларға Манту реакциясын жылына 2 мəрте жасаған дұрыс. Себебі, туберкулезді жұқтыру қаупі оларда жоғарырақ.