Дұрыс гигиена — ол тек сыртқы жыныс ағзаларын ғана жуу. Ішкі жағын жуамын деп өздігінен спринцевание жасауға болмайды. Жыныс ағзаларындағы дискомфорт, тітіркену, жағымсыз əсерлер агрессивті жəне дұрыс емес гигиенаға байланысты.
✔ Күніне кем дегенде 2 рет жуыну керек
✔ Жуынуға тек қана рН нейтралды құралдарды қолдану керек
✔ Спринцеванияны тек дəрігердің кеңесімен ғана жасау керек
✔ Іш киімдер ауа өткізетін мақтадан жасалған болуы тиіс
✔ Қатты қысып тұратын шалбар, шорты көп кимеуге тырысу керек
✔ Іш киімдерді гипоаллергенді порошоктармен жуу керек, ағартатын, шаятын ароматизатор кондиционерлерді қолданбау керек
✔ Жуынуға арналған құралдарда, сабын, гель, крем, ваннаға арналған көбіктерде, күнделікті төсемелерде, дəрет қағаздарында ароматизаторлар болмағаны дұрыс
✔ Күнделікті қолдануға арналған төсемелерді де көп қолдануға болмайды, олардың жабыстырыш қабатының əсерінен ауа өтпей ылғал əрі ыстық орта пайда болады, ол бактериялардың дамуына таптырмас орта болып табылады.
✔ Ылғал купальникпен көп жүрмеу керек, ылғалды орта бактериялардың көбеюіне мүмкіндік жасайды
✔ Іш киімді күнделікті ауыстырып тұруды əдетке айналдырған жөн.

Дереккөз

Жауап беру

Пікіріңізді жазыңыз
Атыңызды жазыңыз