Баламның тәрбиесін қалай түзесем болады?

 

Баламды қалай тәрбиелесем болады?
Баламның тәрбиесін қалай түзесем болады? .
Есіңізге түсіріп көріңізші сіздің балалық шағыңызда сізді ата-анаңыз қалай тәрбиелеп еді? .
Сізді ата-анаңыз отырғызып алып ақыл айтушы ма еді?

Бұл сенің қолыңнан келмейді? Сен әлі кішкентайсың деп айтушы ма еді? Не болмаса, балам ауырып қалар, құлап қалар, жамандыққа ұрынып қалар деген сияқты ойлары болушы ма еді? .
— Жоқ, әрине. Керісінше, осы істі істеуге шамасы келмейді ғой деп ойламайтын еді. .
— Жамандықты ойласаң өзіңе қарай тартасың деп бекер айтылмайды. Ал, біздің ата-аналарымыз ешқашан жамандық (жараланады, жылан шағып алады, ұры әкетеді, жардан құлайды, адасады, ауырады т.с.с) ойламаған ғой.

Есіңізге түсіріп көріңізші, бала күніңізде небір қатерден аман қалғандығыңыз, ол ең бірінші Алланың құдіретінен, ал екінші, ата-анаңыздың ойының дұрыс болғандығынан(жамандықты мүлде ойламаған).
Біраз уақыт бұрын психология мен адамның миын, ойлау қабілетін зерттеуші ғалымдар бір ауыздан «БІЗ НЕ ОЙЛАСАҚ-СОЛ БОЛАДЫ» деген тұжырымға келді.

Балалық шағымызда көп жағдайда ата-аналарымыз, тәрбиені сөзбен емес, өздерінің қам харакетімен, іс-әрекеттерімен көрсетті.
~ Жасымыз кіші болса да, үлкен адаммен сөйлескендей сөйлесетін, өз өмір тарихтарын айтатын.
~ Бала деп қарамай еңбекке баулитын.
~Әр істі бала деп қарамай, сеніп тапсыратын.
~ Бұл дегеніңіз балаға сенімділік арту.
~ Балаға сенім артсаңыз, балаңыз оны сезінеді, жауапкершілігі артады. Өзіне сенімді бола бастайды. .
~ Өзіне сенімді бала, өмірде өз орнын табады.

✓Баламның тәрбиесін қалай түзесем болады? деген сұраққа қысқаша жауап:

✓Балаларды кішкентайынан үй шаруасына үйрету керек.

✓Балаларға үнемі тапсырма беру керек, ол үшін бала отбасындағы жұмыстың бір түріне жауапты болуы керек.