10 – 15 жас аралығындағы өтпелі кезең

 

Балалар ақыл есі толысып, жасөспірім шаққа жеткенде өтпелі кезеңді (переходной возраст) бастан кешіреді. Дегенмен, кейбір жасөспірімдер өтпелі жастан ойдағыдай өтсе, енді біреулері қиналады. .
Бұл жаста бұған дейін мінезі жақсы балаңыз, бұзықтық жасап, дөрек мінез көрсетіп, кейде, тіпті, ашуланшақ болып кетеді. .
Ата-ана өтпелі жастың 3 кезеңнен тұратындығын және әр кезеңде бала түрліше қажеттіліктерді талап ететіндігін білуі тиіс.
БІРІНШІ КЕЗЕҢ 10-11 ЖАС АРАЛЫҒЫН ҚАМТИДЫ:
– БҰЛ КЕЗЕҢДЕ БАЛА ӨЗІН ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАП, АЙТҚАНДАРЫНА ҚҰЛАҚ АСҚАНЫН ҚАЛАЙДЫ. БАРЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ӨЗІ ҒАНА ШЕШКІСІ КЕЛЕДІ.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ 12-13 ЖАС АРАЛЫҒЫН ҚАМТИДЫ:
– БҰЛ КЕЗЕҢДЕ БАЛА ОТБАСЫНДА ҒАНА ЕМЕС, ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАДА ДА ӨЗ ОРНЫН ИЕЛЕНГІСІ КЕЛЕДІ. ЖАСАУҒА МІНДЕТТІ ІСТЕРМЕН ҚАТАР ҚҰҚЫҚТАРЫН БІЛУГЕ ТЫРЫСАДЫ.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ 15 ЖАСПЕН ТҰСПА-ТҰС КЕЛЕДІ:
– ЖАСӨСПІРІМ БҰЛ КЕЗЕҢДЕ ӨЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ӨМІРІН ЖАҢА АРНАҒА БҰРУҒА ТЫРЫСАДЫ. келтірілген мәліметтер ұл балаларға да, қыз балаларға да ортақ. Адам өміріндегі ең қиын әрі ең маңызды кезең. .
Бұл балалық шақтан ажырап үлкен өмірге қадам басуға дайындық. Осы уақытта жасөспірімнің түрлі армандары мен таңдаулары пайда болады. Өкінішке орай, олардың барлығы бір-біріне қарама-қарсы. Яғни, ақ пен қараны ажырату құбылысы басталады. Бар өмірі осы ажыратуына байланысты – ӨТПЕЛІ ЖАСӨСПІРІМ КЕЗЕҢІ — ҚИЫН КЕЗЕҢНІҢ БІРІ. БҰЛ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘРТІБІ НАШАРЛАП, САБАҚ ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕНДЕЙДІ, ҚЫЗДАР МЕН ҰЛДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТА ҚАЛЫПТЫ БОЛМАЙДЫ. КЕЙБІР БАЛАЛАРДА ҚОҒАМДЫ ЖАТСЫНУ ӘДЕТІ ПАЙДА БОЛАДЫ. АҒЗАДА БОЛАТЫН ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР ӨМІРІНДЕ ЖАҢА СЕЗІМДЕР МЕН МАЗАСЫЗДЫҚТАР ПАЙДА БОЛАДЫ. НАҚТЫЛАП АЙТСАҚ, ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ БҰЛ КЕЗЕҢІН КҮЙЗЕЛІС ПЕН МАЗАСЫЗДЫҚ ІЛЕСКЕН ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢІ ДЕСЕК ТЕ БОЛАДЫ. Бұл кезеңде бала үшін қауіпті :

Баланыақмақ санау, жөнсіз сынау; Оны кінәлау, шамына тию; Оны ренжіту, ұялту, күлкілі жағдайға ұшырату, жерге қарату.
Ұнамсыз сөздер айту: – «Осыған да ақша құрта ма екен? «, – «Осыны да фильм деп көріп»,
– «Осы сенің, бір дұрыс істеген нәрсең болсайшы?

Яндекс.Метрика