Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.
Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.
Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.
Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.
Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.
Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.
фото: malutka.net
Менин сурагым балам 7 айлық астыңғы еки тиси шықты сосын устине дал ортасына шыкпай утине еки жагына шыкты № ештеме болмай ма
Меним кызыма енди 9 ай болады бирак бирде бир тиси шыккан жок . Неликтен? Осы суракка жауап жазасыздар ма? Мен сол себептен катты аландап журмин. Былай кызымнын денсаулыгы жаксы тамак ишеди отырады аздап сойлейди ойнайды… Коркыныш барма?
Саламатсызба! Кей балалардың тістері ерте, кейбінінің тістері кеш шығады. Сонда да, балалар дәрігеріне көрсеткеніңіз абзал.
Саламатсыздарма? Менің қызыма 9 айдан асты. Əлі бірде бір тісі жоқ. Емшектен ерте шығарған едім содан бс деп қорқам . Қандай дəрумендер берсем болады? Алдын ала рахмет.
Менің баламның үстідегі 4 тіс шіріп кетті. Бұл қалыптыма?
Саламатсызба! Қазіргі балалар үшін қалыпты жағдай боп қалды, өкінішке орай. Дегенмен де тіс дәрігеріне көрсетіңіз.
Салеметсизбе менин баламнын тиси 4еу. Казир жаста уш ай болдык аландайтын жайым озимен катар балаларды 8 даже оданда коп кандай витаминдерге кенес бере аласыз