Нәрестенің физикалық дамуы

Балалар ойыншығы

Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі.

Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының үйлесімділігі. Сәбилердің дене құрылысы ересектердікінен айтарлықтай ерекше. Ең негізі ерекшелігі – сәбидің басы денесінің басқа мүшелерінен үлкен болып келеді.

Дүниеге жаңа келген сәбилердің қимыл-қозғалысының координациясы әлі толық дамыған жоқ және өзінің қалауы бойынша денесін басқара алмайды. Шалқасынан жатып, дені сау бала жатырда жатқан күйіндегідей қалыпта болады: аяқтары мен қолдарын қарнына қарай жымқырып алады. Бұл оның бұлшықеттері мен жүйке жүйесінің дұрыс дамығандығын көрсетеді. Егер нәрестенің өкшесіне қолыңызды тигізсеңіз, аяғындағы саусақтарын қысып, ашады. Ал басын өз бетімен әлі ұстай алмайды: бұған сәбидің бұлшықеттері 2-2,5 айдан соң ғана дайын болады.

Сәбидің терісі біркелкі алқызыл түстес болады, алайда бетінің ұштары сәл қызғылттанып тұруы мүмкін, ол дақтар 1-2 аптадан соң кетеді. Білегі мен сирақ-табан буындарының, қолтығының және мойнының терісі қатпарланып келеді.

Адамның терісі сыртқы факторлардан қорғаныш қызметін атқарады. Ересек адамның терісі көптеген қабаттардан тұрады, май мен тер бездері бар. Ал сәбилердің тері қабаты аздау, бірақ май мен тер бездері біршама көп. Сол себепті оның терісі – жұмсақ, нәзік және тез тітіркенгіш. Сәбидің денсаулығы жақы болу үшін тері күтімін мұқият сақтау керек.

Емшектегі сәбилердің жылу алмасуы (ағзаның тұрақты температураны ұстап тұру қабілеті) өте нашар дамыған, сондықтан оларға ыстық та, суық та бірдей қауіпті. Бөлме температурасын сәбиге қолайлы етіп ұстаңыз – 22-24°С.

Алғашқы кездері өте көп ұйықтайды – 15-17 сағат. Алғашында емізгеннен кейін 10-15 минут уақыт өткен соң ұйықтап қалады. Сәби үшін күн мен түннің айырмашылығы жоқ.

Түнде кейбір аналар «сәбиіме бірдеңе болып қалар» деп, түн ұйқысын төрт бөліп, жиі оянып қарап тұрады, мұндай мазасыздықтан арылу үшін сәбиіңізді жаныңызға алып жатыңыз. Ғалымдардың зерттеуінше, 3 жасқа дейін бала анасының жанында жатып ұйықтауы керек, кері жағдайда оның жүрек аурулары дамуы мүмкін.

Сәби өміріне маңызды шартсыз рефлекстер. Сәби жақсы тыныс алады, қатты айқайлап жылайды, түшкіреді, жөтеледі, өздігінен еме алады, артық заттардан ішектері мен қуығын босатады.

Психоэмоционалды дамуы шектеулі. Дүниеге келген кезінде бас миының негізгі орталықтарының қалыптасуы әлі аяқталмаған, бірақ алғашқы 3 айға дейін толық дамып бітеді. Сондықтан осы аралықтағы кезең бала психикасы мен интеллектісінің дұрыс дамуында шешуші рөл атқарады.

фото: babyfirstyear.org

Яндекс.Метрика