Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Сәбидің тісі кеш шықса, Сәбидің тісі, баланың тісі

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.

Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.

Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.

Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.

Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.

Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.

фото: malutka.net

Қызықты

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін...

Қол мен өкше жарылуы

Жаз мезгілінде көбіне өкшеміз қатты жарылып жатады. Жеңіл аяқкиім...

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Өкінішке орай, табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігі адам ағзасының физиологиялық...

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана

Біздің сәбиіміздің есімі — Айдана. Былай қарағанда ерекше ештемесі жоқ,...