Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.
Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.
Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.
Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.
Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.
Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.
фото: malutka.net
Салеметсизбе. Менин кызым жаста 3 ай. Жогарыда 4 тис томенде 3 тиси бар. Калгандары али шыкпай жатр? Бул калыпты жагдай ма?
менің қызым 5 жастан асты, бірақ әлі астынгы екі күрек тісі шықпаған, туылғаннан бері. ол неден болуы мүмкін және қашан шығуы мүмкін.рентгенге 3жасында түсірген түбі бар шығып келе жатыр деген бірақ әлі жоқ. басқа тістері түгел
Саламатсызба мени мына сурак мазамды кашырды. Балам тек екі аидан асты аузынан силекеии агып басн шаикаиды,екі колымен укалаиды бетин екі тсиниң орны ағарып тұр. Екі аидан асқан баладағы бұл тіс жару белгілеріме жəне бұндай уақытта тіс жару мумкінбе?
Саламатсызба! Иә, екі айлық баланың да тісінің шығуы мүмкін.
Салеметсиз бе. Менин балам 10айдан асты бирак али бирде бир тиси жок. Еги кышиды аузына колын коп салады силекей агады. Бирак али тиси жок. Не истесем болады кандай кенес бересиз?
Саламатсызба!
Балаңыздың тісі қышып жатса, тістерін жауып тұрған еттерге «Камистад бэйби» деген гель жағуға болады. Ол ауырсынуды басып, тістің оңай жарып шығуына көмектеседі. Ондай мүмкіндік болмаса, тістеуге арналған резинка бар (арнайы балалар үшін). Соны тістесін. Қолын немесе кез келген затты салуға болмайды.
Менің сұрағым баламнын астыңғы екі тісі шыққан. Содан кейін устіңгілері шығуы керек сияқты . Бірақ баламда тағы да астыңгы тіс шығып жатыр ол дұрыс па
Саламатсызба! Ондай ерекшеліктер болуы мүмкін.