Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Сәбидің тісі кеш шықса, Сәбидің тісі, баланың тісі

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.

Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.

Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.

Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.

Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.

Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.

фото: malutka.net

39 thoughts on “Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

  1. Менин 4жарым айлык баламнын бириншы азу тістері шыгайын деп тур агарып тісі көрінді уже бул калыпты жагдайма? Негізі бірінші алдыңғы тістері шығу керек кой

  2. Саламатсызба мени мазалайтын балам 8айдан астыда алдынан тистери шыкты устинен 3тис астынан 2 тиси 6жарым айында шыкты казир 8ай болды азу курек тистер исинип турда колын тисти берет сосын жотелип тушкирип мурнынан су агат тис шыгатын кезде солай болама тусинбедим не екенин даригерге акелдим казир антибиотик алып жатырык алдындагы тистери шыкканда да солай ауырып еди

    1. менин улымдада сондай болат тушкирип жотелип мурнынан су агып бирак тистери жарардын алдында солай болат неге екен тис шыкканда сондай болама даригер аллергический деп берди калай тиси жарылып шыгат содан кейн басылат

  3. Баланың азу тістері неше жасында шығады?

  4. Салеметсиздерме?меним кызым 8айлык тистерин бари жарып шыгып тур.Бирак кызым мазазсызданып темперетура болып жатыр.язеленка жаксам болама иегине кышыганын басама?

    1. Саламатсызба! Зеленка жағуға болмайды. Камистад бэйби деген мазь бар. Соны жағуға болады.

  5. Саламатсыз ба! Кызымнын алгашкы тистери3 айда шыкты. Сосны 10 айында астынгы тистери шыкты. Казир 1жас 2аймыз али азу тиси жок 8 тиси бар. Сол калпы тур

Comments are closed.