Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Сәбидің тісі кеш шықса, Сәбидің тісі, баланың тісі

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.

Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.

Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.

Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.

Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.

Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.

фото: malutka.net

39 thoughts on “Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

  1. Салеметсізбе? Менің балама 11 ай болды? Əлі бір тісі шыққан жоқ. 3 айынан бастап тісі қышып мазасы кеткен болатын. Енді уайымдап отырмын 11 ай болды тістері шықпады. Мазасы кетіп жүр. Дентинокс деген гель жағып жатырмын.

  2. Саламатсыздар ма! Сұрағым бар еді. Қызым 1жасқа толды. 7 жəне 8ші тісі шыкты. Кинайтын мəселе əр тісі шыкканда көтені қатты кызарып кетеді. Істемеген амалым калмады. Кал тапсырдык құрт жоқ таза деді. Қалай тісі жарып шығады іші өтуі қойып бірден тазарады көтені. Не себептен бұлай? Өтініш жауап күтем????

  3. Салеметсизбе! Азу тист шыкты но етпен бирге шыкты бул калай

  4. Салеметсизбе! Менің кішкентай қызыма 9 ай болды бирақ бірде бір тіс жоқ ?орны ағарып тұр тістің аппақ болып. Нестеуге болады. Тек тис емес денесі де кеш осіп жетіледі деп мақалада жазылыпты ғо бұны қалай түсінуге болады? Тек ауру балдарда сондай жағдай болама алде жалпы тис шықпаған балдардама. Қызым шүкір ойнайт тамақ ішет емеді. бірақ Аллахқа шүкір ауырмайды тфу тфу….денсаулығы жақсы бірақ денесі құттай арық.сол себепті сұрап жатқаным.Тісі тез жарып шығу үшін тіске арналған гелді жағып жүрмін. Жаққаныма көп болған жоқ арине Бірақ сол гелден натиже болама. Өтініш сұрағыма жауап беруіңізді қалаймын. Рахмет.

Comments are closed.