Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар. Өйткені тістің кеш шығуы жай ғана кешіккен болады не болмаса кейбір аурулардың салдарынан болады.
Егер тісі ешқандай аурусыз кешіккен болса, қауіп жоқ. Мұндай қасиет (тістің ешқандай аурусыз, себепсіз кешігіп шығуы) тұқым қуалайды.
Шала туылған немесе түрлі науқастармен туылған баланың алғашқы тістері кешірек шығады. Тек тісі емес, денесі де кеш өсіп-жетіледі.
Ескерту! Бала тісінің шығуы кешіккенде тіс дәрігеріне барып, рентген сәулесі арқылы тексертуге болмайды. Себебй рентген сәулесі денсаулығы толық бекімеген нәрестеге өте зиянды болады.
Егер баланың тісі 1,5 жасқа толғанда шықпаса, балалар дәрігеріне қаралу керек. Уақыт өткізіп алуға болмайды.
Кеңес! Сәбидің тісі етті жарып шығар кезде тістің үстіңгі жағындағы еттер қызарады, сәби ыңырсып, мазасызданады. Тісі етті тезірек жарып шықса, көп қиналмайды. Сол үшін тісі шыққалы тұрған сәбилердің тістеуіне арналған арнайы заттарды пайдалану керек. Ондай заттарды дәріханалардан алыңыз. «Резеңке ойыншықтарды тістесе де болады» деп, бейжай қарауға болмайды. Ойыншықтың сапалысы өте аз, және оның бояуы болады. Сәби аузына салғанда бояуы ішіне кетеді.
фото: malutka.net
Саламатсызба. Менің кызым 5 айлық. Ембиди косымша тамак ишеди. Смес. (Наресте) енді 3 кундеи болды тамакта ишпи калды … тісі жарып жатырма билмимин. Тек су ише береди. Кенес берсеніз. Гербер агуша бере берсем болам?
Менің кызым 9 айлық астынан бір ғана тіс шықты екеу шығу керек емес па ? Қалыпты жағдай маБ
Кызым 2 жаста. Алдынгы устинги тиси ортасынан сынды. Орнына шыгады ма? Кандай жагдайда сынады?
Кызым 19 желтоксаннан беры тамагы кызарган, исип врач виферонмен интерферон жане аквамарис для горло жазды,сол куннен бастап улкен Дареты жасыл слизистый болган кунине 3 рет, 3 кун болды тамагы жаксы боп калды тек стул емген сайын болып жатыр стопдиар 1 кун болды ишип жатрмыз кишкене азайгандай, врач энтеровирус дейды, 4 тисимиз бар 8 айдан асканбыз, тистен понос болуы мумкинбн? Отиниш билсениз жауап кутемин
Салеметсиздарма менин балам 4 жаска толпы калды бирак устинги тистери ширип кетти туптерт бар бол неликтен кандай кенес бере аласыз??