Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Кесарево сечение, Кесар тілігіКесар тілігі, Кесарево сечение фото

Кесар тілігі дегеніміз баланы босанар кезде операциялық жолмен ішті жару. Операция кезінде жатыр да кесіледі. Толығырақ >>>

Мүмкін болса, табиғи жолмен босану әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай (тар) болса, онда бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр болады. Өйткені мұндай жағдайда операциямен, яғни кесар тілігі арқылы ғана бала мен ана денсаулығын сақтап қалуға болады.

Кесар тілігін жасаудың тағы басқа себептеріне тоқталсақ, әйелдің қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауырған, көзінің көру қабілеті өте төмен болған жағдайларда дәрігерлер кесар тілігін жасаудан басқадай тәуекелге бара алмайды. Кесар тілігін жасау туралы шешімді нақты медициналық айғақтар болған жағдайда ғана бірнеше дәрігер кеңесіп қабылдайды.
Әдетте, дәрігер екі рет жасалған кесар тілігінен кейін өзіңіздің тууыңызға рұқсат бермеуі ықтимал. Себебі, жатырыңызда бір емес, екі тігіс бар. Бұл толғақ кезінде жатырдың тілініп кету қаупін тудырады. Ал егер екінші баланы өздігіңізден туғыңыз келсе, араға 3-4 жыл тастап, әбден күтіну керек. Жатырдағы тіліктің орны әбден біткен-бітпегендігін УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы анықтап біліп, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана өзіңіз табиғи жолмен тусаңыз болады. Қандай жағдай болсын, дәрігердің ақылына құлақ асқан жөн.

Қалыптасып кеткен «Кесар тілігін 3 рет жасатқаннан соң туу мүмкін емес» деген түсінік бар. Дәрігерлердің арасында бұған қатысты мүлдем басқаша пікір айтатындары да бар. Олар білікті дәрігерлердің жіті қарауында болып, жақсы күтінген жағдайда, 4-5 нәрестені дүниеге әкелуге (босануға) болатындығын айтады.

Ақпарат көздері: Алаш айнасы, ҚР ДСМ блогы

фото: doctor54.ru, PA

Ұқсас мақалалар

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жасанды толғақ деген не?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

61 thoughts on “Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

  1. Менин аягым ауыр 37апта4кун менде Бир ай бурын варикоз аягымда Гана тек сырттан деп еди уздгда ,ал енди шейкада бар диди майда варикоздар деп кесир тилигин жасаймыз дейди озин босанасын деп еди осындай жагдай кездескендер барма уайымдап журм

  2. Саламатсызба мен 2017жылдын 27шилде айында баламды кеср босандым. Казир балам 3ай. Котерип койсам тигисиме асер етпиди меня?

  3. Салеметсиздерме?менiн 1ши бопем шетинеп кесир тилиги аркылы алды содан кейн 4айдан кейн тагы котердим ол дин аман оны да кесир тилигимен босандым.содан кейн 2,5 жылдан кейн тагы котердим оныда кесир тилигимен босандым.енди сурагым осылардан кейн табиги жолмен босануга болама?канша жыл кутину керек?

  4. Салеметсіз бе . Мен біріншімді 42 аптасында кесір тілігімен ота жасады 2009.10.30. Екіншісі 38 аптасында 2013, 03.20. Отамен . Үшіншісіне аяғым ауыр өзім босана аламын ба? Үш айлық, арады бес жылдай болды. Бомаса қанша айында жарып алады. Учотқа алі тіркелген жоқ едім.

  5. Салеметсизбе!менин биринши баламды операциямен босандым.балама 8ай болганда екиншимди котерип койыппын екинши баламды озим босангым келеди.озим босануга мумкиндик барма?

Comments are closed.