Сұрақ: Мен жүктіліктің 30-шы аптасындамын. Дәрігер ультрадыбыстық зерттеуде (УДЗ) іштегі баланың мойын айналасында кіндік оралып жатқандығын айтты. Бұл оның босануға дейінгі дамуына қалай әсер етуі мүмкін? Кесарево тілігі (кесарево сечение) арқылы босануға тура келеді ме?
Жауап: Кіндіктің мойын айналасына оралуы іштегі баланың дамуына әсер етпеуі керек. Босанардан аздаған күндер алдын кіндік түйінінің қандай деңгейде екендігін анықтайтын тағы бір УДЗ жасау қажет.
Мойын айналасына кіндіктің күрделі емес түрде оралып қалатын кездері жиі болып тұрады. Осындай жағдайларда табиғи жолмен босанатындар болады.
«Кенгуру» журналы, 105-саны