Tag «Кесар тілігі»

Соңғы гестоз деген не?

Соңғы гестоз – көбінде жүктіліктің үшінші триместрінің басында пайда болатын, жиі кездесетін аса қауіпті ауру. Бұл аурудың «соңғы токсикоз» деген балама атауы да бар. Негізінен, гестоз ағзада өзгерістер болып жатқанда пайда болады, болашақ ана мен бала үшін өте қауіпті. Гестоздың белгілер: Гестоз жүктіліктің 16–20 апталарында пайда болып,  үшінші триместрде (28 аптада) байқала бастайды.

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Эндометриоз деген не? Эндометриоз (эндо – ішкі; метра – жатыр) — жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде (фаллопий түтігі), жатыр мойнында

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция. Операция алдын ала жоспарланған немесе шұғыл түрде болуы мүмкін. Алдын …

Генитальді індеттер жайлы сұрақтар

Генитальді індеттер (генитальді инфекциялар) дегеніміз жыныс мүшелерінде болатын және сол мүшелер арқылы таралатын жұқпалы аурулардың тобы. Бұл топқа көп тараған генитальді герпес, микоплазмоз, хламидиоз, цитомегаловирус, тағы басқалары жатады.

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Израильдің «Тель а-Шомер» медициналық орталығында 2003–2008 жылдары 45-65 жас аралығындағы алғаш рет жүкті болған әйелдерді бақылаған мамандар 45 жастан бастап алғашқы перзентіне жүкті болу әйел мен сәбидің денсаулығына қауіпті деген қортындыға келген.

Жатырдағы баланың жамбастап орналасу күйі

Жүктіліктің 34-ші аптасынан бастап 36-шы аптасына дейінгі аралықта жатырдағы баланың орналасу қалып күйі белгілі болады. Жатырдағы ұрықтың (сәбидің) орналасу күйі қандай болу керек? Қандай орналасу күйлері болашақ сәбиге қауіпті болады? Дүние есігін ашатын сәбилердің басым бөлігі (90%) анасының жатырында басын төменге қаратып жатады. Босану кезінде алдымен басын шығарады. Бұл — қалыпты

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Кесар тілігі дегеніміз баланы босанар кезде операциялық жолмен ішті жару. Операция кезінде жатыр да кесіледі. Толығырақ >>> Мүмкін болса, табиғи жолмен босану әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай (тар) болса, онда бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр болады. Өйткені …

Яндекс.Метрика