Кесар тілігі дегеніміз баланы босанар кезде операциялық жолмен ішті жару. Операция кезінде жатыр да кесіледі. Толығырақ >>>
Мүмкін болса, табиғи жолмен босану әйелге көп жағынан пайдалы. Себебі кесар тілігінен кейін әйел ағзасында түрлі асқынулар мен ауытқулар пайда болады. Бірақ, егер әйелдің жамбасының өлшемі кішкентай (тар) болса, онда бірінші жүктілік кезінде кесар тілігін жасатуға мәжбүр болады. Өйткені мұндай жағдайда операциямен, яғни кесар тілігі арқылы ғана бала мен ана денсаулығын сақтап қалуға болады.
Кесар тілігін жасаудың тағы басқа себептеріне тоқталсақ, әйелдің қан қысымы жоғары, қант диабетімен ауырған, көзінің көру қабілеті өте төмен болған жағдайларда дәрігерлер кесар тілігін жасаудан басқадай тәуекелге бара алмайды. Кесар тілігін жасау туралы шешімді нақты медициналық айғақтар болған жағдайда ғана бірнеше дәрігер кеңесіп қабылдайды.
Әдетте, дәрігер екі рет жасалған кесар тілігінен кейін өзіңіздің тууыңызға рұқсат бермеуі ықтимал. Себебі, жатырыңызда бір емес, екі тігіс бар. Бұл толғақ кезінде жатырдың тілініп кету қаупін тудырады. Ал егер екінші баланы өздігіңізден туғыңыз келсе, араға 3-4 жыл тастап, әбден күтіну керек. Жатырдағы тіліктің орны әбден біткен-бітпегендігін УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу) арқылы анықтап біліп, дәрігер рұқсат берген жағдайда ғана өзіңіз табиғи жолмен тусаңыз болады. Қандай жағдай болсын, дәрігердің ақылына құлақ асқан жөн.
Қалыптасып кеткен «Кесар тілігін 3 рет жасатқаннан соң туу мүмкін емес» деген түсінік бар. Дәрігерлердің арасында бұған қатысты мүлдем басқаша пікір айтатындары да бар. Олар білікті дәрігерлердің жіті қарауында болып, жақсы күтінген жағдайда, 4-5 нәрестені дүниеге әкелуге (босануға) болатындығын айтады.
Ақпарат көздері: Алаш айнасы, ҚР ДСМ блогы
фото: doctor54.ru, PA
Ұқсас мақалалар
Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)
Толғақ қысқанда не істеу керек?
Брэкстон-Хикс толғағы деген не?
Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?
Бойға баланың бітуі қалай жүреді?
Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?
3ши15 апталыктида кс алди енди каншау жане азим босана аламба босандандар барма
Менин биринши баламды операциямен алды. Балам 1жаска али толган жок. Менин тагы котергим келеди. Котерсем зиян емеспа. Балам 8айлык. Жауап бериниздерши! Отиниш!
Салеметсизбе.Мен еки баламды кесервамен босандым.Енди 3шисине аягым ауыр.Арасы 3 жыл.Озим тууга мумкиндик барма.Озим босангым келеди 2 кесервадан сон ози босанган адам барма.Жауап жазынызшы отиниш.Рахмет
Еки рет кесир тилигинен кейин араға бираз жыл салып ози босанған жағдайлар кездеседі ма негизи, отиниш, жауап жазыңыздаршы, әлде еки рет операциядан кейин канша жыл өтсе де ози босану мүлде мумкин емес па?
Салеметсиздерме сурайын дегеним 18.05.2017 жылы внематочный болып операцияга тусип он жан трубамды алып тастаган еди енди канша уакыт арага салып бала котеруге болады отинем жауап бересиздерме арасы жакын болганы кауипти ме