Три шоколада торты

Құрамы:

150 г. Ақ шоколад
150 г. Сүтті шоколад
150 г. Қара шоколад
450 мл майлы (30 %) сливки
30 г. желатин
150 г. Сары май

Бисквитін дайындау:

4 жұмыртқа
1.5 ст. Ұн
1 ст. Қант
2 ст.л. какао ұнтағы
11гр қамыр қопсытқыш

Дайындалу тәсілі:

Ең алдымен бисквит дайындалады.Торттың тірегі.Қант пен жұмыртқаны миксермен шайқаймыз.Елгезерден өткізілген ұн мен қопсытқышты және какао ұнтағын қосып, біркелкі массаға дейін араластырамыз.Түйіршектер қалмауы қажет. Формаңыздың астына пергамент қағазын төсеп,қамырыңызды құйып,180 градуста ысып тқрған пешіңізге салып,дайын болғанша пісіресіз.25 минут шамасындай Піскен,піспегенін сіріңкемен тексеріңіз.(Әр кімнің пеші әр қалай сондықтан ұзақ немесе тез пісуі мүмкін байқаңыздар).Піскен соң суысын.Қара шоколадыңызды 50гр сары маймен сулы жылытқыш моншасында ерітіңіз,10гр желатинді 4Үлкен қасық ыстық,қайнаған су қосып 1, минутқа қойыңыз.Сосын оны алып елгезерден өткізіп жылы шоколадыңызға қосыңыз. 150 мл Кілегейді (сливки) миксермен шайқаңыз.Крем шыққанша.Сосын оны шоколадыңызға қосып,абден араластырыңыз.Суыған бисквидіңіздің шәпкесін кесіп тастаңыз.Бисквитті сол формада қалдырасыз.Жаңағы дайын шоколадыңызды үстіне құясыз. Сосын мұздатқышқа қойып қоясыз.Оған дейін сүтті шоколадыңызды дәл жаңағы тәсілмен дайындайсыз.Мұздатқыштан алып,сүтті шоколад массасын құйыңыз.Тағы мұздатқышқа салып қояамыз.Ақ шокладты массасын дайындап ұстіне құямыз да тегістейміз.Дайын!  Бұл жолы тоңазтқышқа саласыз.Дастарxанға қояр алдын алып,шетін формаңызға тақап айналдыра кесіп сақинасын алып тастайсыз. Ескерту:біраз уақытыңызды алады! Керекті заттарға да біраз ақша шығарасыз.Бірақ дәмxанадан торт жегендей боласыз!