Қуырдақ

Бізге керегі:

1 кг ет
500 г өкпе
500 г бауыр
300 г жүрек
200 г бүйрек
300 г құйрық май
2 бас пияз
1 шай қасық бұрыш
1 ас қасық тұз қажет

Қуырдақ дайындау:

Ең алдымен қызып тұрған қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды.