Сүзбе қосылған бәліш (творожный пирог)

Жасалу жолы оңай әрі тез
Рецепт:
400-500 гр сүзбеге 1 ст.қант, 2 жұмыртқа/ қосып, араластырамыз.Сұйық крем тәрізді болады.

Енді қамырына кірісейік:
200 гр өткізгіштен (терка) өткізілген маргарин, 1 ст қант, 3 ст. Ұн. 1 жұмыртқа, шай қасық сода барлығын араластырамыз.Үгілмелі қамырды 2-ге бөліп. Май жағылған қалыпқа 1 бөлігін салып, ортасына сүзбеден жасалған кремді құямыз. Бетін бір келкі қылып екінші үгілмелі қамырды жаямыз. Қызып тұрған пешке (дуxовка) қойып, 30-35 минут 180 градусте пісіреміз. Бәліш дайын болғанда қалауыңызша әсемдеуіңізге болады. Астарыңыз дәмді болсын!