Тітті картопты алғаш рет Қытайда жеп көргенмін. Бір ресторандарында түскі асқа құр картоптың өзін пісіріп жегізді бізге. Ол кезде аса қатты ұнамаған еді. Түсі де құңарлы сары еместі, ашықтау түсте болатын. Сосын Кореяға барғанымда да көп кездестірдім бұл картопты. Уақыт өте бұл картоптың түрі де ұнай бастады маған (негізі маған ұнамайтын тамақ өте аз хихихи). Өткенде қыздармен сушиға керек заттарды аламыз деп қытай дүкеніне барғанымызда тәтті картопты көргенімде қолым өзінен өзі оған қарай созылды )) Содан бұл тәтті картоппен не пісіретінімді көпке дейін білмей жүрдім. Дұрысы білмедім емес, таңдай алмай жүрдім ) Құр өзін пісіріп та жегім келді, салат жасап та көргім келді, күрделі бір нәрсе жасап та көргім келді. Ақыры төмендегідей етіп пісірдім. Өте қарапайым да емес, өте күрделі де емес рецепт болды. Әсіресе ыстықтай жеген өте дәмді!
- орташа үлкендіктегі тәтті картоптар
- үгітілген ірімшік
- брокколи
- сарымсақ
- тұз
Мөлшерлерді жазбай беріп тұрмын өйткені қанша картоппен жасайтыныңызға, олардың үлкендігіне байланысты қалған заттардың мөлшері. Негізі талғамыңызға қарай ғой, ірімшікті көбірек ұнататындар ірімшікті көбірек қосар, брокколиді ұнататындар – брокколиді. Тәтті картопты Алматының қытай немесе корей дүкендерінен табуға болады.