Жазда қандай дəрумен қажет

 

 Қыс, күз, көктем сияқты жазда да бізге дəрумен қажет. Жазда жеміс-жидек көп болғандықтан, дəрумен ішудің қажеті жоқ деп жатады. Бұл қате пікір. Жаз мезгілінде қыстағыдай бізге аскорбин қышлы, А жəне Е дəрумені қажет.
Жазда А, Е дəрумені бар тағамды біз аз қолданамыз. Сары май, бауырдан жасалған тамақтарды, жаңғақ, жұмыртқаны аса көп жемейміз. А жəне Е дəруменінің жетіспеушлігі, сырт келбетіңізден біліне бастайды.

 Жазда қабылдайтын дəрумен құрамында міндетті түрде А, Е, В6, В13, магний, фосфор, кальций, темір болуы керек. Ал D дəрумені жазда өте жеткілікті болады. D дəруменін қабылдауды, қысқа қалдырсаңыз болады.