Жанеркен

Біздің сәбиіміздің есімі — Жанеркен

Жанеркен — апасы мен атасының ерке баласы. «Алғашқы немереміздің атын кім қоямыз?» — деп, атасы мен апасы көп ойланды. Небір кітаптар мен Интернеттен қызық әрі ерекше есімдерді іздеумен талай айлар өтті, бірақ лайықты есімді ешкім айта алмаған. Жанеркен дүниеге келген күні атасы өз бөлмесінде жатып, «Немерем қандай болады екен?» деп ойланып жатады. Немересі әкесіне, яғни ұлына ұқсаса…

Read More

Көктемнің қиындығы мен қуанышы

Көктемнің алғашқы айы келіп, далада 6 ай қыс жатқан қалың қар ери бастайды. Осындай кезде, балаларын алып, шуағын төккен күннің астында саябаққа серуендеуді әдетке айналдырған ата-аналарын жиі кездестіре бастаймыз. Дегенмен, қуанышымен қатар көктем өз әурешілігін де ала келетіні жасырын емес. Мәселен, көше біткен лайсаңданып, әр жерде жиналған көлшік жұртшылыққа ыңғайсыздық туғызатыны бар. Әсіресе, балалы ата-аналар…

Read More
Майтабандық, майтабан, Майтабандылық

Майтабандық деген не және одан қалай арыламыз?

Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру, тірек-қимыл аппаратының ауруы. Адамның табаны көптеген сүйектерден, буын және сіңірлерден тұрады. Сүйектердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Себебі жүру барысында адамның барлық салмағы тікелей аяққа түседі. Табанның элементтері бір-бірімен байланыса отырып екі доға құрады, оны «табан күмбездері» деп атайды. Олар бойлық…

Read More

Баланы жазалаған дұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған. Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады»…

Read More
Дене қызуы бар ауру сәби

Науқас сәбидің күтімі қандай болуы керек?

Науқас баланы қалай күту керек екенін әр ана жақсы білуге тиіс. Сырқат, ең алдымен, баланың мінез-құлқына әсер етеді: сәбидің мазасы кетеді, тамақтан бас тартады, қолдан түспейді, бей-жай күйге түседі. Мұндайда оның температурасын өлшеп, төсекке жатқызады да, дереу дәрігер шақырады. Ауырған баланы емханаға апаруға, дәрігер келгенше дәрі-дәрмек беруге болмайды. Баланың іші ауырса, оған айрықша мән беру…

Read More

Бала күтуші ананы айырбастай алсын ба?!

«Бала — балым, баламның баласы — жаным» деп есептейтін еді біздің бабаларымыз. Немересін баласынан ыстық көретін ата-әжелеріміз бұрындары кішкентай қара домалақтарын бір елі қастарынан тастамай тәрбиелейтін. Жырмен жұбатып, әнмен әлдилеп, ертегімен еліткен. Даланың дана қарттарының қолында бала қай кезде де рухани дүниесі бай, ұлттық намысты жоғары қойып, көпшіл болып өседі. Көргені мен өмірден түйгені көп көнекөз қарияларымыз…

Read More
Ұйқысыз сәбидің суреті, жылап жатқан сәби фотосы, жылауық баланың суреті

6 айлық сәбидің ұйқысы мен ұйқысыздығы

Сәбидің алғашқы алты айдағы ұйқысы, ұйқысыздық мәселесі Терең әрі тәтті ұйқы – сәбидің эмоциялық және физикалық дамуына әсер ететін бірден бір фактор. Терең ұйқы емізулі сәбиге дені сау болып өсуге, ал ата-анасына жақсы тынығып алуға мүмкіндік береді. Ұйқы кезінде сәби ағзасында өсу гормоны бөлінеді. Оның үстіне ұйқы арқылы сәби күні бойы алған жаңа әсерлерді жақсы ұғынып,…

Read More

Балаңыз мектепке дайын ба?

Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды іс Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын…

Read More

Балалардың компьютер мен ғаламторды пайдалануы қандай болуы керек

Бұрын жаз мезгілі бола қалса, балалар таңертеңнен кешке дейін далада ойнап жүруші еді. Ауылда болсын, қалада болсын, балалар үйге тығылып қалмайтын. Қазір ауылды жерде де, қалалы жерде де сыртта асыр салып жүрген баланы сирек кездестіреміз. Себебі оларды үйге матап тастаған бір дүние бар. Ол — компьютер. Оған қоса ойын ойнауға қосымша керек-жарақтарын да сатып алып беріп…

Read More
Бірреттік жаялықтар, Бірреттік жаялықтар зиян ба?, Памперстің пайдасы мен зияны

Бірреттік жаялықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Бір рет қана пайдалануға арналған ыңғайлы жаялықтарды көпшілік памперс деп атайды. Негізінде, Памперс дегеніміз көптеп көздесетін біррреттік жаялықтардың бірінің ғана атауы, танымал бренд. Сондықтан барлық бірреттік жаялықтарды памперс деп атау дұрыс емес. Қазіргі заманғы бірреттік жаялықтар өте ыңғайлы және аналардың қызметін айтарлықтай жеңілдетеді.

Read More

Ерке балалармен қарым-қатынас

Жалғасы. Басы: Балаңыз ерке болса … Қарым-қатынас орнатуға шақыру Дүниеге келгеннен бастап бала ата-ана махаббатына зәру болады. Алайда, оған артық қамқорлық көрсетіліп, артық көңіл бөлінсе, болашақта ол мұны сізге қарсы пайдалануы мүмкін. Көз жасы оның ата-анасын өзіне қарату әдісі болып табылады. Оған ата-анасымен арадағы тығыз байланыс өте қажет. Бірақ әрбір айқайына, көз жасына жүгіріп келіп,…

Read More
Бесік, Бесіктің суреті, Бесіктің фотосы, Бесик фото, Бесіктің бейнесі

Бесіктің жабдықтары

Бесік міндетті түрде ағаштан жасалуы керек. Қандай ағаш екендігі бесік жасайтын шеберге және материалдық табылуына байланысты. Негізінен, бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау т.б. Бесік жабдықтарына келсек:

Read More

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған. Неге? Өйткені кез-келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Бесік — киелі мүлік. Қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны…

Read More