Бірреттік жаялықтардың артықшылықтары мен кемшіліктері

Бір рет қана пайдалануға арналған ыңғайлы жаялықтарды көпшілік памперс деп атайды. Негізінде, Памперс дегеніміз көптеп көздесетін біррреттік жаялықтардың бірінің ғана атауы, танымал бренд. Сондықтан барлық бірреттік жаялықтарды памперс деп атау дұрыс емес.

Қазіргі заманғы бірреттік жаялықтар өте ыңғайлы және аналардың қызметін айтарлықтай жеңілдетеді. Алайда, бұрын осы жаялықтар болмаған заманда аналар балаларын қалай күткен екен?

Бұрынғы заманда аналар осыған ұқсас жаялықтарды өз заманына сай етіп ойлап тауып, соларды қолданға. Олар бұл жаялықтарды өз қолымен жасаған. Мәселен, сұйықтықты оптағыш (сорғыш) қабат ретінде кепкен шөп, мүк, кепкен жапырақтар, бөз және жүнді қолданған екен. Ал сұйықтықтың сыртқа шығып кетпеуін қамтамасыз ететін сыртқы қабат ретінде әр түрлі жануарлардың терісі қолданылған. Сонда теріні үшбұрышты етіп кесіп, арасына кепкен шөпті салып, бетінен бөз төсеген болса керек.

Бірреттік жаялықтар, Бірреттік жаялықтар зиян ба?, Памперстің пайдасы мен зияны
фото: onlineposter.de

Ал қазіргі заманғы бірреттік жаялықтардың шығу тарихы мынадай: ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласында Виктор Миллз есімді бала өмірге келеді. Оның балалық шағы айтарлықтай өнертапқыштық немесе үлкен жетістіктермен ерекшеленбеген. Кейін ол Джордж Вашингтон университетін химиялық технология мамандығы бойынша бітірген соң, «Procter & Gamble» компаниясында бас химик-технолог болып отыз бес жыл қызмет атқарады. Шебер зейнетке шығып, қартайған шағында жалғыз қызынан туған жиенін бағуға тура келген. Әрине, жұмыс нәрестенің тек тамағын берумен ғана шектелмейді. Сәбидің жаялықтарын қайта-қайта жуып, оны кептіру керек. Қарт адамға дүркін-дүркін нәжіс тазалау да оңай емес. Сөйтіп жүргенде шалдың миына «қайта-қайта жумайтын, бір қолданып, лақтырып тастайтын жаялық неге ойлап таппаймын» деген ой түседі. Осылайша өз өмірін жеңілдетуге болатынына көзі жетеді. Ақыры Виктор шал әлемде алғаш рет нәрестенің үлкен-кіші дәретін бойына сіңіріп алатын «жаялық» ойлап тауып, өзінің жиені арқылы сынақтан өткізді. В. Миллздың бұл жаңалығы «Проктер энд Гэмбл» компаниясының өнімі ретінде қабылданды.

Компания, алдымен, жаялыққа әдемі ат ойлап, бас қатырды. Одан кейін жаялықтарды қалың халыққа жететіндей етіп көптеп өндіру үшін жаңадан құрылғы ойлап табу қажет болды. Бірінші тапсырма тез орындалды. Жаялық «Памперс» деп аталды. Ағылшынның «pamper» деген сөзін қазақшаласақ, «еркелету, әлпештеу немесе аялау» деген ұғымды білдіреді екен. Алғашында шыққан жаялықтардың өзіндік құны тым қымбат болатын. Себебі бұл жаңалықты өндіру, көптеген техника мен адам еңбегін талап етті. Компания өз тарихында бұдан артық күрделі еңбектің болмағанын айтады. Бірақ уақыт өтісімен барлық қиындықтардың соңы жеңіспен аяқталып, жаялықтардың бағасы қарапайым халық үшін қолжетімді болды. Осылай 1961 жылы бірреттік жаялықтардың алғашқы партиясы шықты.

Қазіргі заманғы технология бойынша жасалып шығарылған бірреттік жаялықтардың сапасы әлдеқайда жақсарып, бала мен анаға мейлінше ыңғайландырылып шығарылуда. Олардың көмегімен балаға қарау, күту айтарлықтай жеңілдеді. Бұл жаялықтарды қолдану арқылы аналардың балаға, жұбайына, өзіне және де үй шаруашылығына көңіл бөлуіне қосымша уақыт бөлінетін болды. Алайда кез келген заттың немесе жаңашылдықтың артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бірге жүреді. Сол себепті осы бірреттік жаялықтардың пайдасы мен зиянды сипаттамаларына аса көңіл бөлу керек. Өзіңіз және балаңыз үшін оларды пайдаланудың зиянды және пайдалы жақтарын таразылап барып шешім қабылдағаныңыз жөн.

Бірреттік жаялықтар балалар үшін емес, аналар үшін шығарылған

Соңғы кездері бірреттік жаялықтарды пайдалану жөнінде халық арасында көптеген пікір қайшылықтары мен байбаламдар орын алып отыр. Расында да, олар баста ойлап шығарылғанда бала жағдайын емес, оларға қарайтын аналар жағдайын жақсарту мақсатында шығарылған. Алайда өміріміздің ең мәнді де маңызды құраушылары – балаларымыз үшін бұл жаялықтардың ешқандай зияны жоқ па? Әрине, бар! Кез келген затты шамадан тыс артық немесе ұзақ қолдану міндетті түрде өзінің зиянды әсерін тигізеді. Сол себепті кез келген мәселенің алтын ортасын тауып қолданған дұрыс шығар.

Бірреттік жаялықтарды қолданудың пайдасы

  • Бірреттік жаялықтарды қолдану аналар мен бала күтушілер үшін өте ыңғайлы, уақытты үнемдейді.
  • Оларды қолдану арқылы үй ішіндегі тазалықты сақтау да жеңілдейді.
  • Бірреттік жаялықтардың көмегімен күнделікті бірнеше рет қайталанатын жаялықтарды жуудан құтылуға болады.
  • Түнгі ұйқы тыныш болады. Баланың түнгі ұйқысының тыныш болғаны оның дамуы үшін өте маңызды. Осы тұрғыдан бала үшін де ана үшін де тиімділігі зор.
  • Баламен серуендеуге, дәріханаларға, қонаққа барғанда бірреттік жаялықтар – таптырмас көмекші. Әсіресе, қыс мезгілінде баланың бұты суықтамайды.

Бірреттік жаялықтардың көпшілік мойындаған кемшіліктері
Бірреттік жаялықтар қарапайым халық үшін қымбат. Екі жыл бойы қолдану нәтижесінде қомақты қаржыға шығындалуы мүмкін. Ал оларды үнемдеймін деген оймен ұзақ уақыт бойы ауыстырмай балаға байлап қою арқылы денсаулық пен тазалықтан айрылу қаупі туады.

Бірреттік жаялықтар жасау үшін қолданылатын шикізаттардың (химиялық қосылыстар) бала денсаулығына зияны тимейтінінде үлкен күмән бар. Олар: целлюлоза (шикізаты — ағаш), полиэтилен (шикізаты – табиғи мұнай), аяқтың айналасындағы жұмсақ резеңкелер – полипропилен, бұл да су өткізбейтін пластиктің бір түрі, САП/ВГМ (шикізаты – пайдаланушы үшін мағынасы ашылмайды (!) шамамен силикагель, яғни кремний оксиді болса керек). Сонымен қатар, жаялық қардай аппақ болуы үшін ағартқыштар, тәтті иіс шығып тұру үшін отдушкалар қосылады. Оларды әр 3-4 сағат сайын ауыстырып тұру шарт! Бұл шарт орындалмаған жағдайда балада несеп-жыныс жүйелерінің аурулары пайда болуы мүмкін.

Ата-аналар баласының кіші дәретке қаншалықты жиі баратынын қадағалай алмайды. Кіші дәретке барудың жиілік көрсеткіші бойынша анықталатын аурулар тобы болады. Сол белгіні байқамай қалуы әбден мүмкін.

Бірреттік жаялықтан бала терісінде аллергиялық дерматит дамуы мүмкін.

Жаялық баланың бүкіл денесінің 30% жауып тұрады. Жарнамаларға қарасақ, ауа өткізетін жаялықтар болып шығады.Алайда бала кіші дәретке барған соң, түзілетін гель тәріздес заттан ауа өтуі мүмкін емес.

Қоқысқа тасталған бірреттік жаялықтардың толықтай іріп-шіруі үшін шамамен 200 жыл уақыт керек екен. Мұндайжаялықтар — қазіргі таңда ең көп пайдаланылып жатқан заттардың бірі. Болашақта осы памперстерден тұратын таулар пайда болса, таңқалмаңыздар!

Жаялықтың негізігі қызметінің жауапты мүшесі – сұйықтықты гельге айналдырып, баланың бұтын үнемі құрғақ етіп сақтап тұратын қабат. Ол целлюлоза және гидрофильді қаптамамен қапталған – аса күшті сорғыш қабат (суперабсорбент). Абсорбент ретінде натрий полиакрилаты қолданылады. Бұл затты 1985 жылдан бастап, медицина саласында қолдануға әлемдік денсаулық сақтау ұйымы тыйым салған. Әсіресе, сәбидің жыныс мүшесін болашақта белсіздікке ұшырататын зат – «трибутилен» дейтін улы зат. Бұл химикат адамның иммундық жүйесін де қатты әлсіретеді.

Әрдайым бірреттік жаялықта жүрген баланы болашақта түбекке отырғызу қиынға соғады. Себебі жаялықта жүрген бала дәрет сындырғаннан ешқандай жайсыздық сезінбейді және оны бақылауға алмайды. Болашақта түбекке отырудың мәнін түсінуі қиындау болады.

Comments 1

  • pampers тi молшермен неше сагатта ауыстырып турган пайдалы? Балбнын неше айына дейiн керектенген дурыс?

Яндекс.Метрика