Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бір-бірімен ұштасып жатады. Осынау үш зат қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп, күлін жерге көміп тастаған. Неге? Өйткені кез-келген үй табалдырықтан басталады, отыңның басы сол табалдырықтан бастау алады. Бесік — киелі мүлік. Қазіргі күнде қолданылмай бара жатқаны өкінішті.

Бесікке бөлеудің артықшылықтары

Бесік той фото, Бесікке салу фотосыХалқымыз баланы бесікке бөлеуге баса назар аударған. Бесікте баланың ұйқысы тыныш, әрі таза, суық тиіп ауырмайтын болған. Ал, қазіргі заманда көп жағдайда бірреттік жаялықтар қолданылады. Памперс синтетикалық заттан жасалғандықтан, көп қолдану бала денсаулығына зиян. Сапасыздары ауа өткізбейді. Сондықтан, баланы бесікке бөлесеңіз, әрі пайдалы, әрі ақшаңыз да үнемді.

Бесікке бөленіп өскен баланың бір ерекшелігі бесікті аңсап тұратындығында. Ондай бала өз бесігіне жатпаса, мазасызданып, ұйықтамай қояды. Бала әбден тойған сәтте, анасы бесікті жайлап тербетіп отырып бесік жырын айтатын болған. Бесік жыры балаға берілетін алғашқы тәрбие. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі баланың құлағына сіңеді. Осындай әдемі әуенмен астарында әдемі тілегі бар бесік жырын тыңдаған бала шебер болуға да, шешен болуға да ұмтылып өседі. Баланың бойына әсерлі әуен, сұлу сөзбен айтылатын ананың әлдиі ана сүтімен қосылып осылай сіңеді.

Қазақтар бесікті негізінен қайың, қарағай талдан иіп жасаған, әрі жеңіл келеді. Жасалу жолы мен құрылысына зер салып қарасаңыз, ата-бабаларымыз бесікті өте тапқырлықпен, данышпандықпен жасағанын көреміз:

  • біріншіден, ол екі жаққа тербетіліп, тепе-теңдікті сақтап тұратындықтан, бесіктегі сәби есейе келе қаншама бұлқынса да аударылып кетпейді;
  • екіншіден, тербеткенде адам қолы шаршамайды, ырғаққа оңай келеді;
  • үшіншіден, жылы, әрі таза. Баланың дәреті денеге жайылмай шүбек, түбек арқылы кетеді. Денесі құрғақ болса, бала жайлы жатып, тыныш ұйықтайды;
  • төртіншіден, желдің өтінен, жердің сызынан, аптап ыстықтың лебінен қорғайды;
  • бесіншіден, баланы емізуге қолайлы. Баланы жөргектен шешіп алмай-ақ ана бесікке сүйеніп отырып емізе береді;
  • алтыншыдан, дене мүшелерінің яғни бастың қисық болмай, домалақ болуына, аяқтарының да түзу болып өсуіне бесікке жатудың көмегі тиеді;

Ұқсас мақалалар

Бесік той (Бесікке салу)

Бесіктің жабдықтары

Бесік жыры туралы

Яндекс.Метрика