Бесіктің жабдықтары

Бесік міндетті түрде ағаштан жасалуы керек. Қандай ағаш екендігі бесік жасайтын шеберге және материалдық табылуына байланысты. Негізінен, бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолдау, тартпабау т.б.

Бесік жабдықтарына келсек:
1. Ши — бесік жабдықтарының үстінен ұзына бойы жайылатын түбек бекітілетін тұсы ойық тоқылған ши төсеніш;
2. Жөргек — шидің үстінен төселеді;
3. Құс төсек — түбек тұсында дөңгелек ойығы бар, жөргек үстінен төселетін, арасына құс мамығы салынып, қабылған жұмсақ төсеніш;
4. Жастық — бесік енімен бірге жасалады.
5. Көрпе — түйе жүнінен салынып қабылғаны қыстық;
6. Жаялық — сәбидің денесін орайтын шүберек;
7. Қолбау, тізебау — оны тартпа деп те атайды;
8. Шүмек — бесіктегі баланың кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше (қазіргі заманда дайын түрлерін қолданады);
9. Түбек — сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы бұлғанып қалмас үшін ортасындағы тақтайды тесіп орналатын алмалы салмалы киіз қалта болған. Кейін шыны құтылар пайда бола салысымен содан түбек жасайтын болды. Шүмектің ұшы түбекке салынып тұрады. Қазір түбектер пластиктен жасалады.

Бүгінде бесікпен бірге барлық жабдықтары бірге сатылады.

Ұқсас мақалалар

Бесік той (Бесікке салу)

Баланы бесікке бөлеудің артықшылықтары

Бесік жыры туралы

Яндекс.Метрика