ҚАРАҢЫЗ

Түрік наны — СИМИТ

 

 

 

Қамырына: 1 стақан жылы сүт, 1 стақан жылы су, 1 шай қасық тұз, 1 шай қасық шекер, 1 ас қасық ашытқы, 30мл сұйық май, ұн (қажетінше). Барлық қоспаларды қосып, жұмсақ етіп қамыр илейміз. Жылы жерге 1-2 сағатқа қоямыз. Қамырымыз дайын болғанға дейін бетіне себетін күнжүтті дайындаймыз. Ол үшін 1 стақан күнжүт, 1 ас қасық шекер, 1 стақан су қажет. Күнжүтті баяу отта қызарғанша майсыз қуырып аламыз. Стақан суға шекерді салып, жақсылап араластырамыз. Қамырды бөлікке бөліп, суреттегідей пішін келтіреміз. Қамырды стақандағы суға малып, екі жағын қуырылған күнжүтке малып аламыз. Қызып тұрған 180 градустық пеште 25-30 минут пісіріп аламыз. Ас болсын!