Жұмыс жасайтын ата-аналарға лайфхак

Барлығымыз білеміз тәулігіне 24 сағат- жұмыс пен бала тәрбиесін қатар алып жүруге жетпей жатады.Жұмыс кестесінен бөлек,миллиондаған ұсақ-түйек дүниелер,кез-келген төтенше жағдайларға барлығына үлгеру қажет.Осы жазбаны оқи отырып көңіліңізге үміт ұялағаны белгілі. Ендеше біз сізге қызықты лайфхактармен бөлісетін боламыз

  1. Кофеқайнатқыш алып пайдаланыңыз

Ұйықтар уақыттан алдын бір тетікті басу арқылы таңертең өзіңізге керемет  әсер сыйлайтын,күніңіздің сергек өтуіне септігін тигізетін керемет кофе дайындап қоясыз.Бұл ұйқыңыздың қанық,күніңіздің сәтті өтуіне септігін тигізеді

  1. Жұмыс киіміңіздің сыртынан үй халатын киіп алыңыз

Қызық естілгенімен,керемет лайфхак.Таңертең балалардың таңғы асын беріп,өзіңіз шәй дайындап жүріп жұмыс киіміңізді бүлдіріп алуыңыз мүмкін,ал осы лайфхакты пайдалансаңыз уақытты да үнемдейсіз,киіміңізді дақтардан сақтап қаласыз.

  1. Балалармен кім жылдам ойынын ойнаңыз

Егер сізде екі немесе одан да көп бала болатын болса уақыт ұту үшін қане «кім тез киінеді екен?»,«кім тез ойыншықтарды жинайды екен?»,«кім бірінші ботқаны тауыстады екен?» деп баланы қызықтыра отырып өз бетімен жиналуға әрекет істейтін ойын ойнатсаңыз болады.

  1. Күнтізбе кестесін жасаңыз

Күнделікті істейтін шаруаларыңызды уақытымен стикерлерге жазып,көрінетін жерлерге тоңазытқыш немесе шкаф сөрелеріне жабыстырып қойып,уақытылы жасап жүрсеңіз барлық ісіңіз тынып,уақыт үнемдейсіз

  1. Душты ұйықтар алдын қабылдаңыз

Ұйықтар алдын душ қабылдау арқылы ұйқыңыздан сергек болып оянасыз және таңертең шашыңызды кептіріп асығып жүрмейтін боласыз.Ал кей сәттерде шашыңыз май болып,жууға үлгере алмай қалатын болсаңыз құрғақ сусабын пайдалануға болады.Балаларыңызды да түнде жуындырып ұйықтатыңыз

 

Яндекс.Метрика