Жүзім мен ананас қосылған ірімшікті тағам

Құрамы:

Жұмыртқа — 3 д.
Қант — 6 ас қ
Май — 100 г
Жарма (манка) — 3 ас қ.
Ірімшік — 750 г
Лимон цедраты
Мейіз — 2 уыс
Консервіленген ананас -1 банка
Қант пудрасы

Дайындалуы:

Жұмыртқа мен қантты қозғаймыз. Май мен жарманы қосып, араластырамыз. Сосын ірімшік пен үккіштелген лимон цедрасын қосып, араластырамыз. Мейіз қосамыз. Қалыпты майлап, ірімшікті массаны қосамыз. Үстінен ананастарды қойып, қант себеміз, 40-45 минут 180 °С духовкада пісіреміз.