Болашақ аналарға арналған киім мен аяқ киім

Жүкті кезінде әр әйел (әсіресе бірінші сәбиі болса) киім-кешектерін жаңарту керек. Ең бастысы, киімнен талап етілетіндігі – ыңғайлылығы. Киім ішіңізді қыспауы керек, сондықтан қатты байланатын белбеулерден, стрейч-джинсылардан, сымбатыңызды айқындап тұратын шалбарлардан, қысып тұратын ішкиімдерден бас тартуыңыз қажет. Оған қоса, резеңкеден жасалған гольфи мен шұлықтарды кимеңіз. Теріңізге жақын тұратын киімдер (көйлек, ішкиімдер) табиғи гигроскопиялық маталардан тігілгені…

Read More

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма? Жүктілік пен босанудың мерзімін соңғы етеккірдің бірінші келген күнінен бастап есептейді. Осылайша ұрықтың гестациондық мерзімін анықтайды. Негізінде босанатын уақытқа қарай ол 280 күнді құрайды (40 апта немесе шамамен 10 ай). Сондықтан

Read More
Жүкті әйелдің гигиенасы, Жеке бас гигиенасы, гигиена

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Дене тазалығы Жүктілік кезінде ағзадағы жалпы гормональды өзгерістер мен қан айналысының көлемі артатындықтан, жүкті әйел тершең болады және қынаптан бөлінетін іріңді сұйықтың мөлшері көбейеді. Оған қоса, жыныс жолдарында пайда болатын тер мен шырыштың иісі өткір болады. Мұндай қолайсыз жағдайлардың алдын алу үшін және микробтардың көбеюін болдырмау үшін тазалықққа ерекше назар аударған жөн. Қарапайым суға түсу шараларын…

Read More

Болашақ ананың жеуіне болмайтын азық-түліктер

Мақаланың басы: Жүкті әйелдің тамақтану тәртібі Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер Жүктілік кезінде қолдануға болмайтын азық-түліктер туралы мәселе әр әйелдің жүктілікке дейінгі жалпы денсаулығына байланысты қарастырылуы қажет. Диетолог мамандар жүктілік кезінде рационнан бүгінгі күні азық-түлік өнеркәсібінде кең қолданылатын құрамында консерванттар, хош иістендіргіш, бояғыш, т.б. жасанды қосымша заттар бар азық-түліктерді алып тастауға кеңес береді. Яғни мұндай…

Read More

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма? Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің

Read More

Жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау

Емделгенде абай болыңыз! Бүгінгі таңда жүкті әйелдердің 92%-ы әртүрлі дәрі-дәрмектер қабылдайды, көптеген дәрі-дәрмектерді дәріханадан ала беруге болатындықтан, кейде дәрігерімен кеңеспей-ақ өздігінен ем жүргізетіндер бар. Ұрықтың дамуына және жүктілік ағымына әсері қандай екенін анықтау мақсатымен дәрі-дәрмектердің кейбірі клиникалық зерттеулерден өтпейді. Сондықтан жүкті әйелдерге қауіпті емес дәрі-дәрмектер өте аз. Жасанды түрде синтезделген дәрілік заттар ғана емес, сонымен…

Read More

Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Нафтизин, Нафазолин (Naphazoline) — түрлі себептермен мұрын қуысының шырышты қабатындағы қан тамырлары үлкейіп, тыныс алу қиындаған кезде пайдаланылатын дәрілік зат (мұрынға тамызады, немесе себеді), улы. Нафтизинді көп қолданған адам оған тәуелді болып қалады. Бұл дәрінің нұсқаулығында аяғы ауыр әйелдерге тигізетін зияны туралы ештеңе жазылмайды. Дегенмен, басқа адамдарға тигізетін кері әсері жетерлік нафтизіннің жүкті әйел мен жатырдағы балаға зиянды…

Read More

Жүкті әйелдің психологиясы

Қоршаған ортада өзіңді қалай ұстау керек? Әйелдің эмоционалды көңіл күйі жүктілік ағымының қалыпты, ешбір асқынусыз, ауыртпалықсыз өтуіне және болашақта босануына да тікелей әсер етеді. Кейде ауыр жағдайда өткен босану мен сәбидің дамуындағы кейбір ауытқушылықтар ананың жүкті болған кезіндегі көңіл күйіне байланысты (жақындарына ренжу, біреумен ұрысу, бала үшін уайымдау, т.б.) дейді дәрігер мамандар. Жүктілік кезінде көңіл…

Read More

Жеріктік: Жүкті әйелдердің талғамы неге өзгереді?

Жүкті әйелдердің талғамы неге өзгереді? Жүктілік әр әйелде әрқалай өтеді. Бірі – ешбір белгісіз, бірқалыпты өткізсе, екіншісінің тағамға деген талғамы ауысып, өзгелердің санасына сыйымсыз азық-түлікке жеріктігі пайда болады. Таныстарыңыздың бірі сыраға, енді бірі қыс ортасы бола тұра қарбызға, сағызға, шекілдеуікке, қандай да бір иіске құмар болады. Оған таңқала қараудың қажеті жоқ  Бұл — әйел ағзасында…

Read More

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Әрбір жүкті әйел дәрігердің көмегіне мұқтаж. Болашақ баланың денсаулығының дұрыс қалыптасуы үшін ең маңызды кезең алғашқы 12 апта болып табылады. Себебі осы мерзімде сәбиіңіздің өміріне маңызды мүшелері мен жүйелері қалыптаса бастайды. Сондықтан жүктілік белгісі анықталған жағдайда дереу мамандандырылған медициналық мекемеге тіркелуіңіз қажет. Ең бірінші жүргізілген медициналық бақылаулар көптеген қауіптің алдын алуға көмектеседі. Алғашқы қабылдау Алғашқы…

Read More

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Read More

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Аяғы ауыр әйелдер дұрыс тамақтанулары үшін мына кеңестерді орындау керек. Пайдаланатын азықты немесе көкөністер мен жеміс-жидектерді тазалап жуып барып пайдаланыңыз; Тамақ дайындамастан алдын және дайындап болғаннан соң қолдарыңызды дұрыстап жуыңыз;

Read More