Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс жәрдемақысы қанша күн үшін төленеді? Күнтізбелік пе әлде жұмыс күні есебімен бе? Төлеу, Қобда ауданы.

Егер республика заңдарында өзгеше белгіленбесе, әйелдерге жүктілігіне және босануына байланысты ұзақтығы босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты (қиналып босанған немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жетпіс) күнге дейін демалыс беріледі (Еңбек кодексінің 193-бабы). Демалыстар жеке-жеке, бөліп-бөліп емес, жиынтықтап есептеледі. Босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына, жұмыс берушідегі жұмысының ұзақты-қысқалығына қарамастан толық беріледі және жиынтығы 126 күнтізбелік күн үшін бірден төленеді. Оның сыртында әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі (192-бабы). Жаңа туған баланы асырап алған қызметкерлерге (ата-ананың біреуіне) баланы асырап алған күннен бастап және бала туған күннен елу алты күн өткенге дейінгі кезеңге демалыс беріледі (194-бабы).

Жүктілікке және босануға байланысты, сондай-ақ жаңа туған балаларды асырап алған қызметкерлерге берілетін демалыстар заңдылыққа өзгерістер енгізілгенге дейін жұмыс берушінің есебінен төленіп келген болса, 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлемді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыруда.
Серік Жолдыбай, Ақтөбе облыстық соттың бас маманы
Ақпарат көзі: Ақтөбе газеті

Ұқсас мақалалар

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

11 thoughts on “Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

  1. 30 апта болған соң енбекке жарамсыздық парағы беріледі, сол парақты тапсырғаннан соң жұмыс жасай беруге бола ма?

  2. Сәлеметсіздерме менің қояр сұрағым Булка қойған сұрақ,бірақ менің жұмыс жасағаныма 8 ай ғана болды.Бұл жағдайда мен отпусктың(еңбек демалысын) ала аламынба?

Comments are closed.