«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде?
Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз әйел жатырының толық дамымай қалуы. Оның негізгі себебі — жыныстық жетілу кезеңіндегі гормондық бұзылыстар мен жүйке жүйесіндегі бұзылыстар мен стрестік жағдайлар. Кейде жатыр аймағымен байланысы жоқ инфекциялық аурулардың салдарынан да жатырдың жетілмей қалуы мүмкін. 11-15 жас аралығындағы қыз балалардың сапалы азықпен тамақтануы жатырдың жетілмей қалуының алдын алады.
Жатыр гипоплазиясының салдары қандай?
Кішкентай жатырдың кесірі жүкті болуға тиіп жатады. Сонымен қатар, еріксіз түсік тастауға, жатырдан тыс жүктілікке де себеп бола алады. Бірақ бұл «Бедеулік — жатыры кішкентай әйелдердің барлығына тән жағдай» дегенді білдірмейді.
Жүктілік барысында ұрықтың үлкеюімен бірге өлшемі кіші жатырдың да үлкеюі мүмкін.
Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?
Әрине, мүмкін. Ол жатыр гипоплазиясының себебі мен емделудің нәтижесіне байланысты. Күрделі деңгейдегі кішкентай жатырды емдеу ұзақ уақытқа созылады.
Жатыр гипоплазиясын емдеудің қандай әдістері бар?
Жатырдың өлшемін үлкейту (қалыпты өлшемге дейін үлкейту) гормондық терапия, гинекологиялық массаж, дұрыс тамақтану, физиологиялық емдеу, емдік дене шынықтыру арқылы іске асады. Қай әдістің тиім екендігін дәрігерлер шешеді.