Шикі ет, шикі сүт және шикі тағамдар

Арнайы қораптағы шикі сүт (кейде стандартталған сүт дейді) қаншалықты қауіпті?
Ол сүт те шикі сүттің қатарына жатады. Артықшылығы, арнайы бақылаудан өтіп, сүзгіленген және сүт құюға арналған қорапқа құйылған. Бірақ пастерильденбеген. Сондықтан құрамында Листериоз инфекциясын тудыратын бактериялардың болуы мүмкін.
Қораптағы шикі сүтті төрт тәуліктің ішінде пайдалану керек.

Жүктілік кезінде суши сияқты шикі балық өнімдерін жеуіме бола ма?
Балықтың шикі өнімдерінің (мысалы: суши, кептірілген немесе ысталған балық өнімдері) құрамында пайдалы заттар көп. Бірақ листерия бактерияларының болуы да ықтимал. Жүкті әйелдердің денсаулығы үшін аталған бактериялар қауіп төндіретіндіктен (астан улану болуы мүмкін), уақытша бас тарта тұруға болады. Олардың орнына консервіленген, дұрыстап пісірілген және пастеризациядан өткен балық өнімдерін жеуіңізге болады.

Жұмыртқа жеу арқылы сальмонеллез індетін жұқтыру ықтималдылығы қандай?
Жұмыртқа — аяғы ауыр әйелдер үшін қажетті ақуызға бай өнім түрі. Сондықтан оны толықтай пісіру немесе қуыру керек. Ескі, шала піскен, сарысы толық піспеген жұмыртқалардан сіз айтқан ауруды тудыратын бактериялардың жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, пісірілгеннен соң дұрыс сақталмаған немесе ұзақ уақыт сақталған жұмыртқалар да күмәнді болып саналады.
Тоңазытқышта сақталған әрі екі аптадан аспаған жұмыртқаларды жақсылап пісіріп (қайнатып, қуырып) жеуден қауіп болмайды.

Жүкті әйелдің стеик жеуіне бола ма?
Стейк — құрғақтай қуыруға арналған, сиыр етінен жасалған бір кесек ет. Ол толық піспеген ас қатарына жатады. Шала піскен еттің кесірінен таксоплазмоздың жұғуы мүмкін. Сондықтан мамандар стейктен барынша бас тарта тұруға кеңес береді.

Яндекс.Метрика