Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

Жүкті әйелдердің сусындарды ішулеріне қатысты сұрақ-жауаптар. Алкогольді (спиртті) ішімдіктердің зиянын айтпаса да түсінікті болғандықтан, бұл тақырыпта спиртті сусындар жайлы сұрақтарды қарастыруды артық санадық.
Кофе, шай және бүлдірген шайы
Жүктілік кезінде қандай минералды сулар пайдалы, және қандайынан бас тартқаным жөн?

Жүкті әйелдердің көбінде темір

жетіспеушілігі байқалады. Сол себептен құрамындағы темірі алынып қойған минералды суларды тұтынудың қажеті шамалы болмақ. Кальций минералымен байытылған (400 мг/л немесе одан жоғары) сулар ағзадағы кальций қорын байытуға, әйел мен жатырдағы сәбидің сүйектерін мықты етуге көмектеседі. Минералды судың құрамындағы фторид тістерді қорғауға көмектеседі. Магнезиумы көп минералды су пайда болуы мүмкін аяқ сіңірлерінің түйілуінің (судорога) алдын алады және толғақтың уақытылы келуіне өз септігін тигізеді.

Минералды судың құрамындағы барлық заттар көп мөлшерде бола бемеу керек. Мысалы, натрий минералының мөлшері бір литрде 200 мг-дан аз болу керек. Натрийден басқа минералдарға келсек, бір литр минералды суда нитрат 25 мг-дан аз, нитрит 0,05 мг-дан аз, манган 1 мг-дан аз болса, дұрыс болады.

Газдалған немесе аз газдалған минералды сулар асқазаны (қарны) сезімтал келетіндерге өте пайдалы. Газдалмаған сусын асқазанның қыжылдауын тудырмайды.

Кейбір сусындарда (кофеде, шайда) кездесетін «кофеин» деген не?

Кофеин — орталық жүйке жүйесіне, жүрекке, қан айналымына және тыныс алуға әсер ететін зат. Ол кофеде, шайда, колада және шоколадта болады. Жүктілік кезінде ондайзаты бар заттардан өзіңізді біраз шектегеніңіз абзал. Шектеу дегенде мүлдем шектеп тастау дегенді білдірмейді.

Жүктілік кезінде күніне қанша шыныаяқ кофе ішуге болады?

Кофенің құрамындағы кофеин заты баланың жолдасынан (қағанақтан) оңай өтіп, ұрыққа барады. Кофеиннің аса қажетті емес әрі кері әсері көп екендігін ескерсек, оны аз мөлшерде пайдалануға тура келеді. Бұл дегеніміз құрамында кофеині бар сусындарды аз ішу керек дегенді білдіреді.

Кофенің құрамындағы кофеин мөлшері шайдың құрамындағы кофеин мөлшерінен көбірек болады. Соныдықтан кофені шай мен колаға қарағандай біршама азырақ мөлшерде ішуге тура келеді. Мысалы, күніне 2-3 шыныаяқ кофе ішуге болады. Ал егер қара шай ішетін болсаңыз, 5 шыныаяқтан асырмау керексіз. Коланы күніне 2 литрге дейін ішуге болады. Бірақ күніне 2-3 шыныаяқ кофені де, 5 шыныаяқ шайды да, 2 литр коланы да бірдей ішуге, яғни әр күнде көп мөлшердегі кофеинді сусындарды ішуге болмайды.

Кофені көп ішетін әйелден туылатын баланың салмағы қалыпты салмақтан азырақ болады екен.

Ұйқысыздыққа шалдыққан болсаңыз, кешкісін қара шайдың орнына шөп шайларды ішіңіз.

Жүкті әйелдер қара шайды азырақ ішу керек екен. Оның орнына шөп шайларды ішкен дұрыс дейді. Бірақ мен ондай шайларды ұнатпаймын. Аяғы ауыр әйелге көк шайдың қандай әсері бар?

Көк шай қара шай мен кофеге қарағанда ағзаға баяуырақ және азырақ әсер етеді. Тағы бір артықшылығы: құрамында темір, мырыш, кальций, калий, магнезий және фтор сияқты минералды заттар.

Жүктілік кезінде ас қортудың жақсаруы мен мүшелердің оттегімен жақсы қамтамасыз етілуіне көк шай көмектеседі.

Бүлдірген (таңқурай) жапырақтарынан жасалған шай толғақтың күшті болуына көмектеседі ме?

Бүлдірген жапырағынан дайындалған шайдың жатырдың аузы мен жамбас түбіне әсер ететіндігі, соның салдарынан екеуінің босаңсыйтыны рас. Осыны ескере келе, жүктіліктің 36-шы аптасынан бастап бүлдіген жапырағынан жасалған шайды ішкеніңіз дұрыс болады дей аламыз.

Ұқсас мақалалар

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүкті әйелге қажетті дәрумендер (витаминдер)

Жүкті әйелге қажетті минералды заттар

11 thoughts on “Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

  1. Салеметсызбе!Жуктымын.5 ай.саумал ишуге болама?

  2. жүктілік кезіндеқымыз ішуге болаиа

  3. Салеметсиздерме
    мен бала ала емиземин. Кымыз саумал ишуге бола ма?

Comments are closed.