Босануға дейінгі бандажды таңдаймыз

Босануға дейінгі бандажды (ішті тартып буатын ерекше белбеу) таңдаймыз

Босануға дейінгі бандажды дәрігер мамандар жүктіліктің 15-16 аптасында (іш үлкейіп, оған қосымша сүйеніш қажет болған жағдайда) қолдануды ұсынады. Дұрыс таңдалған бандаж омыртқаға салмақ түсірмейді, арқаңыздың ауырсынғанын сездірмейді. Сонымен қоса, ол сәбидің жатырда дұрыс орналасуына да көмектеседі, қан айналысын да жақсартады, ал жүктіліктің соңғы кезеңдерінде шарананың іште домалап кетпеуін қамтамасыз етеді (егер бала жатырда дұрыс орналаспаса, бандажды қолдануға тыйым салынады!).

Босануға дейінгі бандаж, Жүкті әйелдерге арналған бандаж
Жүкті әйелдерге арналған бандаж. vitae.kiev.ua

Дәрігерлер бандажды көп ұрықты (егіз, үшем) немесе екінші рет жүкті болған аналарға, омыртқасының қисайғаны не остеохондроз байқалған аналарға, жамбас түбі бұлшықеттері мен алдыңғы жатыр қабаты бұлшықеттері әлсіз болып келген аналарға дәрігердің нұсқаулығымен қолдануға болады. Жатырда су мөлшері артық болған жағдайда, шарананың көлемінің өте үлкен болғанында қолдануға ұсынылады. Қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігерден кеңес алуыңыз керек!

Дүкендерде бандаждың бірнеше түрлері кездеседі:

  • дамбал түріндегі (трусы) бандаж – биік белбеуі, арқаңызға салмақ түсірмеу үшін іштің төменгі жағынан сүйеп тұратын ендірмесі бар. Бандаждың бұл түрінің артықшылығы – күрделі ілгектер мен баулары жоқ. Ал кемшілігі – жалаңаш денеге киюге, тиісінше жиі-жиі жуып тұруға (одан бандаж іске жарамсыз болып қалады) тура келеді. Сонымен қоса, синтетикадан жасалған матасы тітіркенуді (аллергия) туғызуы мүмкін.
  • баулықты бандаж – белбеуі кең, табиғи, тығыз маталардан тігіледі. Мұндай бандажды іш киімнің сыртынан киеді. Баулары іштің өсуіне байланысты бандажды кеңейтіп отыруға мүмкіндік береді. Кемшілігі – өз бетіңізбен бұл бандажды кию қиын, ал мақтасы созылмалы матадан жасалмағандықтан, ішті жақсы ұстап тұра алмайды.
  • белбеу-бандаж – іш киімнің үстінен киетін созылмалы лента тәріздес. Бандаж ішінің астынан және бүйір жағынан арнайы жабысқыштармен (оларды іштің көлеміне байланысты оңай қысқартуға-ұзартуға болады) реттеледі.

Бандажды дәріханалардан немесе арнайы дүкендерден сатып алған жөн. Өзіңізді кейін жайлы сезіну үшін міндетті түрде өлшеп қарап алуыңыз қажет! Ол үшін бандажды арқаңызға жатып (осы жағдайда жатырыңыз дұрыс қалпында болады) өлшеңіз.
Бандажды күні бойы шешпей киіп жүруге болмайды. Әрбір 3 сағаттан соң шешіп, жарты сағаттай үзіліс жасап отыруыңыз керек.

spot_img

Қызықты

Жеміс салаты

  Бізге керегі: Ананас 1 дана Банан 1 дана Апельсин 1 дана Алма 1...

Май, ірімшік, сарымсақ қосылған қытырлақ нан

Құрамы: ? 1 батон ? 100 г сыр ? 100 г май ?...

Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының...

Тосап қосылған печенье

Қажет азық-түліктер тізімі: 500-550 гр ұн; 180-200 гр сары май; 2 жұмыртқа; 2...

Банан қосылған пирог

  Қамырына: Ұн - 2ст. Жұмыртқа - 5шт. Шекер - 200гр. Мойонез - 300гр. Сгущенный...