Кейбір халық нанымдарына және үйде емдеуге байланысты сұрақтар мен жауаптар

Жас баланың еңбегі төмен ойысып түссе, арнаулы ем қабылдамаса, оның іштің бұзылуынан (іш өтуден) өлетінін білдіреді дейді, осы шын ба?
Бұл негізінен шындыққа келеді. Нәресте көп сұйық жоғалтқан кезде оның еңбегі төмен түседі. Тез арада қажетті сұйықты қабылдамаса, ол өліп кетуі мүмкін.

Егер тұтылған айдың сәулесі екіқабат әйелге түссе оның баласы жарымжан немесе ақыл-есі кеміс болып туады деген рас па?
Бұл дұрыс емес. Әрине, егер анасы йодталған тұз қабылдамаса, егер ол белгілі бір дәрілерді ішкен болса немесе басқа да себептермен оның баласы жарымес, керең немесе мүгедек болып тууы мүмкін.

Әйелдер қаракөлеңке бөлмеде босануы керек дейді, осы шын ба?
Күңгірт жарықты ананың да, дүниеге келген нәрестенің де көздері жеңіл қабылдайтыны шын. Бірақ акушерка бәрін айқын көріп, сенімді жұмыс істеуі үшін қажетті мөлшерде жарық болғаны жөн.

Жаңа туылған баланы кіндігі түскенше шомылдырмау керек дейтіні дұрыс па?
Дұрыс! Кіндіктің түбіне ол қашан түскенше су тигізбеу керек. Бірақ баланың үстін таза, жұмсақ шүберекпен абайлап қана сүртіп алуға болады.

Ана босанғаннан кейін неше күннен соң шомылуына болады?
Ана босанғаннан кейінгі келесі күні-ақ жылы сумен жуынуына болады. Босанғаннан кейін апталар бойы шомылуға болмайды дейтін ғұрыптың талабы инфекцияға әкеп соқтыруы мүмкін.

Баланы «осы заманғы» шөлмекпен тамақтандыруға қарағанда дәстүрлі емшек сүтімен тамақтандыру пайдалы дейтіні дұрыс па?
Дұрыс! Емшек сүті — ең таңдаулы тағам, ол сондай-ақ баланы жұқпалы аурулардан да қорғайды.

Әйелдер босанғаннан кейін алғашқы бірнеше апта бойы қандай тағамдар қабылдауға тиіс?
Әйелдер босанғаннан кейін бірнеше апта бойы нәрлі әрі жұғымды тағамдарды қабылдағаны жөн. Сонымен қатар, көптеген жеміс-жидек, көкөніс, ет, сүт, жұмыртқа, дәнді және бұршақты дақыл тағамдарын жеуі керек.

Науқас баланы шомылдырған дұрыс па, әлде бұл зиянды ма?
Шомылдырған дұрыс. Науқас баланы күн сайын жылы сумен жуындыру керек.

Апельсин, гуава және басқа жеміс-жидектер салқын тиген немесе қызбасы бар адамға зиянды дейді, осы дұрыс па?
Жоқ, дұрыс емес! Барлық жеміс-жидектер және олардың шырындары салқын тиген немесе қызбасы бар адамға пайдалы. Оларды қабылдаған адам қаталамайды және ешқандай да зиян келтірмейді.

Ыстығы қатты көтеріліп жатқан баланы жел тимесін деп орап тастау керек дейді, осы дұрыс па?
Баланың ыстығы қатты көтерілген кезде жамылғылардың бәрін алып тастау керек. Денесіне ауа барсын. Бұл ыстықтың түсуіне көмектеседі.

Үйеңкі қабығынан жасалған шай ыстықтың түсуіне көмектеседі және ауырсынуды басады дейді, осы шын ба?
Иә, бұл шын. Үйеңкі қабығында аспиринге өте ұқсас табиғи дәрі бар.

Яндекс.Метрика