Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Read More

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны жиырмаға жеткен. Бар мәселе франциялық Poly Implant Prothese компаниясының әйелдердің емшектерін үлкейтуге арналған протезін жасауға пайдаланған материалдың әйел өміріне төндірген қатерінде болып тұр. Аталған компанияның протез дайындау барысында клиникалық тексеруден өтпеген өндірістік заттарды пайдаланғандығы жайлы хабар тарады.

Read More

Балаға ат қоюдың 20 түрлі ерекшеліктері

Қазақ халқында балаға ат қоюдың жиырма түрлі ерекшеліктері бар. Олар мыналар: 1. Балаға артық саусағына қарай ат қою есімдері: Артық, Артықбай, Қосекен; 2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою: Жаманбай, Ошақбай, Тезекбай, Итбай;

Read More

Сәбиге ат қойғанда неге мән беру керек?

Сәбиге ат қою — нәресте дүниеге келгенде оған берілетін есімді таңдау дәстүрі, ата-анасының жауапты міндеттерінің бірі. Сәби туылмай жатып та оған қойылатын есімді таңдауға болады. Қазақ халқы Ислам дінін ұстанғандықтан мұсылманша ат қою (азан шақырып ат қою) дәстүрі кеңінен тараған. Қазақ халқының салты бойынша балаға үш күннің ішінде ат қойылуы керек.

Read More

Балалардың арманы

Балалардың үлкен арманы Авторы: Сәкен Жолдас Бұл ролик 2010 жылы «Сорос-Қазақстан» қоры ұйымдастырған «Көзіңді аш» атты әлеуметтік роликтер сайысына қатысып, «Көрермендер көзайымы» сыйлығын жеңіп алды.

Read More

Даун синдромы

Даун синдромы генетикалық ауытқулар салдарынан пайда болатын геномдық ауру. Әдетте 21-ші хромосомада қалыпты жағдайдағы екі хромосома емес, үш хромосома болады. Ол патологиялық жағдайды Трисомия деп атайды. 21-ші хромосомада трисомия болғандықтан, Даун синдромының Трисомия 21 деген де атауы бар. Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық…

Read More

Жетілмей қалған жүктілік

Жетілмей қалған немесе дамымай қалған жүктілік (орыс.: замершая беременность) — жатырдағы ұрықтың жүктілік барысында дамымай қатып қалып, тіршілік етуін тоқтатуы. Бұл патологиялық жағдайға жатады. Жүкіліктің мұндай сәтсіз түрі алғашқы триместрде (12-13 аптаға дейін) көп болады. Бұрынғы уақыттарда менопаузаға жасы таяп қалған әйелдер көп ұшырасса, қазіргі күндері жиырманың үстіндегі жас келіншектер де ұрынып жатады. Отандық гинеколог мамандардың деректеріне…

Read More

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы үлкен кемшіліктерге ұласуы мүмкін.

Read More

Балам жиі ауырады. Неге?

Аурухана есігін қаққан аналардың көбі перзентінің жиі ауыратындығына шағым жасайды. Кейбір таныстарымыз мұны баланың қалыпты дамуы деп қабылдаса, бірі қауіптілігін айтып, үрейлендіріп жатады. Дрігерлер қауымының бұған көзқарасы қандай? Тараз қалалық №2 қалалық емхананың балалар дәрігері Сәуле Қуатбекова не дейді екен? Дәрігерлер жиі ауыратын бала деп кімді айтады? Жауап: Дәрігерлер қауымы 1 жасқа толмаған балаларды жиі…

Read More

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Қаназдық (анемия) — жүктілік кезінде өте жиі кездесетін ауру. Үнемі басты ауыртып, балтырды сыздатпағанымен, болашақ ана мен болашақ сәбидің денсаулықтарының мықты болуына кедергі келтіреді. Қаназдық дегеніміз анемия. Ол байқалған кезде қан құрамындағы эритроциттерде кездесетін гемоглобин (оттегі тасымалдағыш ақуыз) мөлшерінің кеміп кетуі орын алады. Гемоглобинмен бірге эритроциттердің кеміп кетуі де мүмкін. Бұл кесел жылдың қыс және көктем…

Read More

Сәбидің тісі кеш шықса не істеу керек?

Жас сәбидің тісі (сүт тістерінің ең алғашқысы) шамамен 6-8 айлығында шығады. Бірақ кейде одан ерте немесе кеш шығуы да мүмкін. Мысалы, бір баланың тісі ерте шықса (2 айлығында), басқа бір баланың тісі 9-10 айлығында шығады. Одан да кеш шыққаны жасына толғанда шығады. «Неге кеш шығады?» деп алаңдайтын ата-аналар болады. Алаңдайтындай жөндері бар.

Read More