Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Токсикоз. Бұл кезде кейбір иістер жағымсыз болып сезіледі, әлсіздік пен жүректің айнуы байқалады. Тамаққа қарай алмау, жиіркену, лоқсу сезіледі. Тіпті кейбір әйелдерде музыкаға, теледидарға, кейбір адамдарға, өз күйеуіне де қарай алмай құса бастайды. Ерте басталған токсикозбен көбіне бауырында, өтінде және ас қорту мүшелерінде ақауы болған әйелдер азап шегеді. Токсикоз 12 аптадан кейін басылады.
Кеңес. Егер жүрек айнуы мен құсу тым жиіленіп, ыстық көтеріле берсе дәрігерге қаралған жөн.

Анемия. Бұл болашақ ананың қан құрамында гемоглобин мөлшері мен темірдің жетіспеушілігінен болады. Жүкті әйелдің қан құрамындағы темірдің жетіспеушілігі бірденен білінеді. Оттегінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады да, әйел тез шаршағыш балады және басы айнала береді.
Кеңес. Жүйелі түрде қанның жалпы сараптамасын жасатып тұрыңыз. Дәрігеріңіз тағайындаған темір мөлшерін жоғарылататын дәрі-дәрмектерді қабылдау керек. Өзіңіздің күнделікті ас мәзіріңізге мынадай тағамдарды кіргізіңіз: бауыр, сыр, қызылша, анар. Таза ауада көбірек серуендеңіз.

Варикоз. Бұл қан тамырларының шамадан тыс созылуынан пайда болады, оның кеңеюі он екінші аптадан кейін пайда болуы мүмкін. Қан тамырларының варикоздық кеңеюі ауырлық сезінумен, ыстығы көтерілуімен, аяқтарының ауыруымен, сіңір тартылуымен қабаттаса жүреді. Бұлар шаршағаннан, аяқта ұзақ тұрғаннан және де ауа райының ыстығында өршиді.
Кеңес. Он екінші аптадан кейін биік өкше аяқ-киімдерді кимеген жөн; ұзақ уақыт аяқта тұрмаған дұрыс; өте ыстық және өте салқын ваннаға түспеген дұрыс; күніне 30 минут жаяу жүру қажет; жылу шығаратын жерлерде ұзақ уақыт отырмаған абзал (пештің қасы, батарея және т.с.с)

Қынап кандидозы (немесе молочница). Кандида тұқымдасының ащытқы тәрізді саңырауқұлақтарымен шақырылған, қынап шырышты қабатының қабынуы. Бұл ең жиі кездесетін инфекция: дүниежүзінде 10 миллионға жуық әйелдер осы аурумен ауырады. Қынап кандидозы барлық жүкті әйелдерде кездеседі деуге болады, тіпті осы уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған болса да. Өйкені, жүктілік кезінде иммунитет төмендегендіктен саңырауқұлақ микрофлорасы жанданады.
Кеңес. Өз бетіңізбен емделмеңіз, ол қауіпті, өйткені оны емдейтін дәрі-дәрмектін бәрі бірдей жүктілік кезінде пайдалануға болайды. Оданда дәрігерге жүгінген жөн, екіқабат әйелдерді емдеуге арналған арнайы қынаптық таблеткалар (свечи) тағайындайды. Оның өзін 12 аптадан кейін қолданған абзал.

Тістер. Тәтті, қышқыл ыстық пен салқынға әсер етуі мүмкін. Жүктіліктің 13-ші аптасынан бастап баланың сүйек ұлпасы қарқынды қалыптаса бастағандықтан ана организмі көп мөлшерде кальций береді. Осы кезде әйелді қызылиектің (десна) қанауы, тіс ауыруы мен тіс кариесі мазалауы мүмкін.
Кеңес. Егер сізде кариес бар екендігі анықталса, міндетті түрде стомотологқа қаралып емдетініз. Егер де қызылиектің қанауы пайда болса, онда тісінізді түймедақпен, қалақаймен (крапива) және шалфеймен шайып тұрыңыз. Ет, сыр мен сүт өңімдерін көбірек тұтынып тұрыңыз.

Қыжыл. Бұл 30-шы аптадан кейін пайда бола бастайды. Ас қорыту баяулап қиындайды, ол ас қорыту бұлшықетінің босаңсуына және ас қорту бездері қызметінің өзгеруіне байланысты. Сол себебті көптеген әйел жүктіліктің соңғы мерзіміндерінде қыжылдың жағымсыз әсерін сезінеді.
Кеңес. Көп тамақ ішпеу керек. Аз мөлшерде, бірақ жиі ішіп отырған дұрыс. Майлы және божуды туғызатын қышқыл тағамдарды тұтынудан бас тартқан жөн (майға қуырылған тамақ, кептірілген көкөністер, түйе бұршақ және т.б). Таңертен 1 стакан газдалмаған су ішкен дұрыс.

Іштегі қоңыр дақтар. Ол жүктіліктің 12-ші аптасынан кейін пайда бола бастайды. Бұл дақтар тек жүктілік кезінде ғана пайда болатын құбылыс. Мұндай дақтар бетте немесе иекте пайда болуы мүмкін.
Кеңес. Бұл дақтарды көріп шошымаңыз, ол деген жүктілік жақсы жүріп жатқандығы мен қажетті гормондардың бөлініп жатқандығының белгісі. Бала туылғаннан кейін қайта жоғалып кетеді. Жазда күнге күймеңіз, мақта мақтадан тігілген киімдер мен жалпақ жаздық бас киім киіп жүріңіз.

Ұқсас мақалалар

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезінде жасауға болмайтын әрекеттер

Токсикоз ауруы

Comments 36

  • Сəлеметсіздерме менің сіздерге қояр сұрағым мен жүктімін 36апта5күн болд бірақ ішім біртүрлі батып ауырып тұр.Жауап беріңіздерш…Алдын ала рахмет!

  • Сəлеметсіз бе!Менің сіздерге қояр сұрағым -жүктімін 12апталық.Белім жиі аурады.Бұның себебі не де?Қалыпты жағдай ма?

  • Саламатсызба . менде жуктилик 7.8.9 апталары устим барлык жери кышиды неден?

  • апта емес айларында устим кышиды

Яндекс.Метрика