Қазақ халқында балаға ат қоюдың жиырма түрлі ерекшеліктері бар. Олар мыналар:
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою есімдері: Артық, Артықбай, Қосекен;
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою: Жаманбай, Ошақбай, Тезекбай, Итбай;
3. Баланың дені сау, тәні берік болсын деп те ат қойылады: Тасболат, Шымырбай, Болатбай, Тастемір;
4. Баласы шетіней берген үйде ат таңдау жолдары: Аман, Тұрды, Амангүл, Есен, Тоқтар, Тоқтасын;
5. Баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қойылады: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңбай, Ұзақбай, Өмірбай;
6. Ер сайманы болған ескі қару-жарақ аттарына байланысты да есімдер қойылады:
Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Қылышбек;
7. Елдің ардақты азаматтарының атын солардай батыр, дана босын деген ниетпен ат қою: Абай, Абылай, Ғабит, Исатай, Сәбит, Сәкен;
8. Ерекше белгілеріне қарай ат қою: Қалдыгүл, Анарбай, Қалдықыз, Меңдігүл, Құдірет, Сүндет, Нышан, Нышанбай;
9. Ислам дінінің негіздеріне орай ат қойылады: Ғали, Жамал, Иса, Мұхаммед, Сүлеймен, Хадиша, Омар, Оспан;
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің де аты қойылады: Айман, Алтын, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Раушан, Шолпан;
11. Мерзімінен бұрын туған балаға ат қою: Лекер, Шалабай, Шалабек;
12. Мақсат-мұратқа жетуді көздеп ат қойылады: Арман, Мақсат, Мұрат, Бақыт;
13. Соңғы балаға ат қою жолдары: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай;
14. Төрт түлік мал, аң, құсқа байланысты ат қойылады: Арыстан, Бота, Бүркіт, Сандуғаш;
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда қойылатын есімдер: Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлжан, Ұлту;
16. Табиғи құбылыстарға байланысты ат қою: Боранбай, Дауылбай, Шуақ, Тасқынбай;
17. Туылған уақытына қарай ат қою: Таңат, Рамазан, Құрбанбай, Наурызбай, Жұмабай;
18. Әкесінің жасына қарап та ат қойылады: Жетпісбай, Қырықбай, Елубай;
19. Ұйқастырып ат қою: Ерғали – Нұрғали, Айжамал – Нұржамал, Ержан – Сержан;
20. Шетелдік есімдер аз қойылған: Карл, Феликс, Роман;
Ракайыл Жұмағазина, M-admin