Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін емізетін ананың арықтау мақсатымен (тіпті сәбиі қосымша тағамдармен тамақтанған жағдайда да) диетаға отырмағаны жөн.
Есіңізде болсын! Жүктілік кезіндегідей босанған соң да түрлі сапалы, дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланған жөн.
Сәбиін емізетін ана өзінің күнделікті тамақтанғанына сәбиін емізетін сүттің мөлшері мен сапасы байланысты екенін мүлдем естен шығармауы керек. Күніне 4-5 рет тамақтануы қажет.
Сәбиін емізетін ананың күнделікті рационының негізін құрайтындар тағамдардың тізімі төмендегідей:
- сүт – 250 мл.
- майлы емес ірімшік (творог) – 170 г.
- сары май – 30 г.
- қаймақ – 50 г.
- қант – 50 г.
- майлы емес ет – 120 г.
- балық өнімдері: майлы емес балықтан даярланған тағамдар – 100 г.
- жарма мен макарон өнімдері – 60 г.
- картоп – 200 г.
- көкөністер: орамжапырақ – 100 г., қызылша – 100 г., сәбіз – 100 г., қызанақ, т.б. – 200 г., пияз – 35 г.
- жемістер мен жидектер немесе жеміс шырыны – 200 г.
- ұн өнімдері: қара бидай наны – 100 г., бидай наны – 150 г., тоқаштар мен печенье – 150 г.
- өсімдік майы – 35 г.
Жұмыртқа рацион құрамына аптасына 1-2 рет енгізіледі (анасы мен баласының оған аллергиялық реакциясы болмаса).
Балада аллергия тудыратын азық-түліктерден аулақ болыңыз! Әдетте оларға бал, цитрустар, құлпынай, шоколад, кофе, тұздалған, консервіленген өнімдер, қою ет сорпасы, тауық еті, балық жатады. Алайда, бұл – қатып қалған қағида емес, кейбірінде бұл азық-түліктер аллергия тудырмайды.
Тәулігіне 2-3 л. сұйықтық ішу (әсіресе, газдалмаған минералды су) керек. Бірақ алкогольды ішімдіктерді, оның ішінде сыраны да қабылдауға мүлдем болмайды. Газдалған сусындарды да ішпегеніңіз жөн, бұдан баланың және анасының іші кебуі мүмкін.
фото: dietyvoda.tk
Балама бир ай болды. Марожный салаттар жеуге болама.