Tag «Сүт»

СҮТ ҚАТЫЛҒАН БАЛЫҚ СОРПАСЫ

Құрамы: 100 грамм жас балық, 2 кесе сүт, 2 кесе су, 2 шай қасық сары май, тұз әркімнің қалауынша. Дайындау процессі: Сүтке су қосып қайнатады. Тұздап, сүйегін алып тастаған жас балықты бөліп, қайнап жатқан сүтке (су қосылған) салып пісіреді. Дастарқанға әкелерде үстіне сары май салады.

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Тамақтану, сапалы азық-түлік

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін …

Сүттің пайдасы. Қажетті мөлшерін анықтау

Дүниеге келгеннен бастап баланың кез келген тағамдарының құрамында сүт кездеседі. Мысалы, анасының сүті – табиғи дәрумендер көзі. Кейін ол пайдалы сиыр сүтімен алмастырылады. Оның құрамында бәрімізге пайдалы кальций бар екендігін білеміз. Өкінішке орай, кейбір сәбилердің сүтті жеткілікті мөлшерде қабылдамай жатқанын ата-аналары білмейді. Оның орнына ағзасы мен денсаулығына зиян келтіретін газды шырындар береді.

Сәбиге қажетті сүттің түрлері

Ананың сүті (емшек сүті) — сәби үшін құндылығы мен пайдасы жағынан теңдессіз сүт. Құрамында ақуыз (белок), май, минералды заттар мен дәрумендер болады. Ана омырауынан аққан сүттің кереметтігі пісіруді қажет етпейтіндігінде, ыдысты қажет етпейтіндігінде және табиғилығында жатыр. Алғашқы төрт айда аллергияға қарсы профилактикалық қызмет атқарады. Кішкентайлар, ұзақ дегенде, Алғашқы екі жыл бойына ана сүтімен қоректене алады.

Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын. Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды.

Яндекс.Метрика